Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет224/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   233
Қорытынды 
Соңғы  бірнеше  жылдар  бойы  компьютер  іс  жүзінде  әрбір  адамның 
жұмысының  ажырамас  бөлігіне  айналды.  Есептеуіш  құралдарды  пайдалану 
интеллектуалды  еңбекті  жеңілдетіп  және  адамның  тіршілігіндегі  күрделі 
тапсырмаларды  шешуге  көмектесіп  ғана  қоймайды,  сонымен  қатар  ақпараттық 
технологиялардың  дамуына  үлесін  тигізеді,  біздің  санамызды  түбірімен 
өзгертеді. 
Қазіргі  уақытта  адамның  іскерлігінде  компьютерді  қолданусыз  сәттілікке 
жеткен  салаларды  атап  шығу  қиын.  Компьютерді  қолдану  саласы  үнемі 
кеңеюде, қоғамның өндіруші күштерінің дамуына әсерін тигізеді. 
Компьютердің  техникалық-экономикалық  сипаттамалары  үздіксіз  өзгеріп 
отырады, мысалы: 

жылдамдық;

жады көлемі;

жұмыстағы мықтылық;

қолданудағы қолайлылық;

габариттік өлшемдері;

тұтынатын қуаты және т.б.
Компьютерлер,  жаһандық  желілер  мен  телекоммуникациялар  ғасырында
әрбір  адам  осы  әлеммен  соқтығыса  отырып,  күнделікті  мәселелер  мен 
сұрақтарды шешуде жинақталған білімдерін қолдана отырып ақырындап білікті 
пайдаланушыға айналуда. 
ДК  пайдалану  тиімділігі  көп  дәрежеде  сыртқы  құрылғылардың  саны  және 
типімен анықталады. 
Кең  номенклатура,  сыртқы  құрылғылардың  техникалық-эксплуатациялық 
және  экономикалық  сипаттамалардың  алуан  түрлілігі  пайдаланушыларға  оның 
қажеттіліктеріне сәйкес келетін және қойылған тапсырмаларды  ұтымды шешуді 
қамтамасыз ететін конфигурацияларды таңдап алуға мүмкіндік береді. 


210
Компьютерлер заманының алмасуы жылдам қарқынмен жүруі сонша, тек 
қатардағы  пайдаланушылар  емес,  сонымен  қатар  мамандар  да  компьютерлік 
жаңалықтарды қадағалауда зорға үлгеруде. 
Берілген оқулық  қолданыс  саласы  шексіз болатын  қоғам өмірінде қазіргі 
уақытта дербес компьютерлердің алдыңғы орын алатындығы туралы көрнекті 
көрініс береді; есептеуіш техника саласында бағдар алуға үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет