Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Сұйық кристалды дисплейге



Pdf көрінісі
бет52/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   233
Сұйық кристалды дисплейге (Liquid Crystal Display  –  LCD) жарықсыз 
тегіс  экран  және  электр  энергиясын  пайдаланудың  өте  төмен  қуаты  тән  (5 
Вт).  Онымен  салыстырмалы  түрде  электронды-сәулелік  түтікшелі  монитор 
100 Вт (сурет - 1.24) электр энергиясын пайдаланады.   
Сұйық кристиалды дисплейдің үш түрі бар:  
■ 
пассивті матрицалы монохромды
■ 
пассивті матрицалы түрлі-түсті; 
■ 
белсенді матрицалы түрлі-түсті. 
Сұйық  кристалды  дисплейде  поляризациялық  сүзгі  екі  түрлі  жарықтық 
толқындар  жасайды.  Жарықтық  толқын  сұйық  кристалл  ұяшық  арқылы 
өтеді. Әр ұяшықтың өзінің түсі бар. Сұйық кристалдар сұйықтық секілді аға 
алатын  малекулалардан  тұрады.  Бұл  зат  жарықты  өткізеді,  бірақ  электрлік 
заряд әсерінен малекулалар өз бағдарын өзгертеді.   
Бейтарап матрицалы сұйық кристалды дисплейлерде (СКД) әр ұяшықты 
электрлік заряд (кернеу) басқарады, ол экран матрицасындағы бағандар мен 
жолақтардағы  ұяшықтардың  орналасуымен  сәйкес  транзисторлық  сұлба 
арқылы беріледі. Ұяшық келіп түскен кернеу импульсіне әрекеттеседі.  
Белсенді  матрицалы  дисплейде  әр  ұяшық  өзінің  жеке  транзисторлық 
кілтімен жабдықталған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет - 1.24. LCD-монитор 
 
 


54
Бұл  пассивті  матрицалы  дисплейге  қарағанда  көріністің  әлдеқайда 
жарқын  болуын  қамтамасыз  етеді,  өйткені  әр  ұяшық  импульстік  емес 
тұрақты  электрлік  өріс  ықпалында  әрекет  етеді.  Сәйкесінше  белсенді 
матрица  энергияны  көп  пайдаланады.  Оның  үстіне  әр  ұяшық  үшін  жеке 
транзисторлық  кілттің  болуы  өндірісті  қиындатады  да  олардың  бағасы 
жоғары болады.  
Матрица
    –  LCD-монитордың  маңызды  бөлігі,  ол  түгелдей  көрініс 
сапасына әсер етеді (сурет - 1.25). 
Көп  жағдайда  СК-мониторларда  екі  түрлі  жабын  қабаты  қолданылады: 
жалтырақ  және  күңгірт  (антиблик).  Жалтырақ  жабын  визуалы  түрде  жақсы 
көрініс  береді.  Түстер  қанық  және  айқынырақ  көрінеді.  Дегенмен  осындай 
жабынды  мониторлар  кіршең  және  жарықтану  дұрыс  болмаса  жарқылдар 
және  шағылыс  көрініп  тұрады.  Күңгірт  жабында  түсетін  жарықтың 
шашырауы  арқасында  жарқылдар    болмайды,  өте  жарық  жерде  жұмыс 
жасағанға өте ыңғайлы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет