№ 1.4 тәжірибелік жұмыс. SETUP БАҒДАРЛАМАСЫ ҚҰРАЛДАРЫМЕН КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕСІН ҚОНДЫРУ 1. Нұсқаулықты мұқият орындаңыз.
SETUP бағдарламасы кіріс-шығыс базалық жүйенің құрамына кіреді
және есептеуіш жүйенің аппаратық конфигурациясының бастапқы бабына
арналған. Баптаудың негізгі міндеті – BIOS құралдарымен жүйенің
құрамын автоматты анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қосымша міндеті
– жалпы жүйенің тиімділігін арттыру және қондырғыларын оңтайландыру.
Көп жағдайда, SETUP бағдарламасы, қорек көзін қосқаннан кейін
бірден Delete пернесін басқанда, шақырылады. Басқа жағдайда басқа перне
немесе пернелер комбинациясы қолданылады – компьютерді қосқан кезде
экран бетіне қажетті ақпарат шығарылады.
CMOS микросхемасы бабында біліксіз өзгерістер, компьютерлік
жүйенің істен шығуына әкеледі. Осыған байланысты келесі шараларды
қолданыңыз:
■
Дәптерге өзгерістерге дейінгі, өзгерістен кейінгі параметрлерді
белгілеп отырыңыз;
■
Жұмыс аяқталғаннан соң, енгізілген өзгерістерді сақтамай,
SETUP бағдарламасын жабыңыз. Жабар алдында, тексерту үшін шеберге
көрініңіз.
2. Жүйелік блоктан бөлек қорек көзі болса, мониторды қосыңыз.
3. Компьютерлік жүйені қосыңыз.
4. Экранда ақпарат пайда болған кезде Delete пернесін басыңыз –