149
3.7-
сурет.
Оперативті жады қосымша парағы
Әдетте жаңа компьютердің конфигурациясын жобалау процессорды
таңдаудан басталады, одан кейін оған сай келетін жүйелік тақтатаңдалады.
Процессордың бір құрамасына, жетекші өндірушілер, бағалары бірнеше есе
ерекшеленетін, жүйелік тақтаның бүтін ассортиментін шығарады. Жүйелік
платаның жалпы өнімділікке әсері көп емес және арзан тақтамен шектелуге
азғырулар пайда болуы мүмкін. Дегенмен арзан түрлерін сатып алу, көп
жағдайда
өзін ақтамайды, себебі оларда келесі шектеулер бар:
■
BIOS-та жеделдету мүмкіндігі минимумға төмендетілген немесе
жоқ;
■
Модульді қондыруға арналған төрт слот орнына тек екі слот бар, бұл
болашақта жады көлемін үлкейтуде
қиыншылықтар туғызады;
■
Жады жұмысында екіканалды режимді қолдаушы жоқ;
■
Процессордың қорек схемасы, жетелдету үшін немесе жоғары жылу
шығару процессорын қондыруда қуат жеткіліктігімен басым
түспейді;
■
PCI/PCI-Express слоттар саны минимумды береді, бұл болашақта
кеңею қосымша тақталарын қондыруға мүмкіндік бермейді;
150
■
SLI/ CrossFire режимінде екі немесе үш бейнекарталарды қондыру
мүмкіндігі жоқ;
■
Перифериялық құрылғыларды қолдаушылар саны минимумды береді.
Арзан тақталарда eSATA, FireWire бақылаушыларды, сандық аудиошығыс
қымбат модельдерде болатын басқа да мүмкіншіліктерді сирек
кездестіруге болады;
■
Арзан тақталарды өндіруде арзан құрауыштар қолданылады, бұл тақта
жұмысының тұрақсыздығына әкеледі.
■
Арзан модельдер тақта өндірушілердің әртүрлі фирмалық технологиялары
жоқ болуы мүмкін (мысалы, зақымданған BIOS –ы қайта қалпына келтіру
немесе желдеткіштер жиілігін автоматты түрде реттеу.).
Сипаттамасы мен бағасы қолайлы тақтаның моделін таңдау үшін,
өндіруші сайтынан оның сипаттамасын зерттеу және барлау немесе арнайы
сайтар мен форумдарда қалдырылған пікірлерді оқуға болады.
Қорек көзін алмастыру. Компьютер қосылмаса, көп жағдайда, оның
сынуының себебі жүктелім немесе электржелі айырмасы әсерінен істен
шығатын қорек блогының жарамсыздығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: