35
Барлық жүйелік тақталарды екі топқа бөлуге болады: Intel процессорлары
және AMD процессорлары үшін. Осы негізгі екі топтың ішінде әрі қарай
бөлуді процессор жалғағыштары (сокеттер) бойынша жасаған ыңғайлы.
Intel компаниясының процессорлары үшін 775, 1155, 1156, 1366, 1150,
2011, ал AMD үшін – AM3, AM3 + , AM1, FM1, FM2, FM2 + сокеттермен
жүйелік тақтасы шығарылады. Әрбір сокеттер үшін әзірлеушілерде нарықтың
бюджетті сигментінің түрлілігіне бағытталған жүйелік логика (чипсеттер)
жиынтығы бар.
Чипсеттер түрлілігінің блок-схемасында көрсетілгендей (1.11-сурет), және
оның үсіне құрылған және оған модификацияланған жүйелік тақталары да
көп.
Жүйелік тақтаның маңызды ерекшелігінің бірі
форм-фактор болып
табылады. Бұл оның көлемін анықтайтын, компьютер корпусына бекітілген
орны және оның ажыратқыштарының барлығын (оған орналастырылған
интерфейстер, корекке қосылатын жалғағыш порттар, слоттар және типтер)
анықтайтын стандарттар. Заманауи және аса таратылған стандарттар ATX,
micro-ATX және mini-ITX болып табылады.
Мысалға жүйелік тақтаның сипаттамасын келтірейік.
Достарыңызбен бөлісу: