Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет106/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   302
Бу
 немесе газ турбиналары деп қызған будың (газдың) жәрдемімен 
поршень  мен  шатунсыз  және  иінді  біліксіз  айнала  алатын  қоз-
ғалтқыштарды айтады.
Қарапайым бу турбинасының негізгі жұмысшы бөлігі ротор болып та-
былады (сурет 3.4, 
а). Ротор-диск (3) білікке (4) бекітілген. Бу қазанында 
жоғары қысымда пайда болған бу сопло (1) деп аталатын арнайы түтік-
тер  арқылы  ротордың  қалақшаларына  (2)  бағытталады.  Соплоларда  
жоғары  қысымдағы  бу  ұлғаяды  да,  қысымын  төмендетеді,  есесіне  бу 
ағынының жылдамдығы артады. 
Сурет 3.4: 
а) бу турбинасы; ә) көпсатылы бу турбинасы
а)
ә)
Бу  турбинасын  айналдырып,  жұмыс  істеп  шыққан  будың  кине-
тикалық энергиясы біршама азайғанмен, оның қуаты әлі де болса бірне- 
ше  роторларды  айналдыруға  жетеді.  Сондықтан  бу  турбиналарының  
ПӘК-ін көтеру үшін олардың роторларын бір-біріне жалғастыра қосып, 
көпсатылы турбиналар түрінде жинайды (сурет 3.4, 
ә). Көпсатылы турби-
наларда бу температурасы 100
о
С-ге таяу төмендегенге дейін бір сатыдан 
келесі сатыға өтіп, жұмыс жасай береді. Мұндай көпсатылы турбиналар 
Екібастұз жылу электр стансысында да қолданыс тапқан.
Бу  турбиналарының  артықшылығына  мыналар  жатады:  жыл-
дам  айналғыштығы,  ықшамдылығы,  пайдалы  әрекет  коэффициентінің 
едәуір  жоғарылығы  (40%-ға  дейін).  Кемшіліктеріне  мыналар  жатады: 
инерттілігі, яғни тыныштық күйінен шығаруға немесе тоқтатуға едәуір 
уақыт кетеді, айналу жылдамдығын реттеу мүмкіншілігінің шектеулігі, 
кері жүрісінің (айналысының) жоқтығы. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет