11
3.
Термометрлер деп температураларды өлшеуге арналған аспап-
тарды айтады. Практикада к ең қолданылатын термометрлердің көп-
шілігі температура өзгерістеріне сезімтал заттардың қасиеттерін пайда-
лануға негізделген. Мысалы, газдар мен сұйық тар және қатты денелер
жылудың әсерінен көлем дерін ұлғайтады. Оған мектеп зертханаларын-
дағы қа рапайым құрал
– болат шар мен болат сақина арқылы оңай
көз жеткізе аламыз (сурет 1.4,
а). Бөлме темпер атурасында болат шар
сақинадан оңай өтеді. Ал сол шарды қыздырсақ, сақинадан өтпей тұрып
қалады.
Сурет 1.4:
а)
болат
шар мен сақина;
ә) биметалл;
б)
металл
термометр
а)
ә)
б)
Әртүрлі металдардың ұлғаюлары да әртүрлі болады. Мысалы, бір-
біріне темір шегемен тойтарылып бекітілген көлемдері мен пішіндері
бірдей болат пен мыстан жасалған биметалды алайық (сурет 1.4,
ә).
Олардың бөлме температурасындағы (Т
0
) көлемдері бірдей бола тұрса да,
температура өскенде (Т
1
> Т
0
) болатқа қарағанда мыс молырақ ұлғайып,
көбірек иіледі, ал температура кемісе (Т
1
< Т
0
) – керісінше көлемін жыл-
дам азайтады. Қос металдың осындай қасиеттеріне негіздеп
металл тер-
мометрлер жасалады (сурет 1.4,
б).
Тұрмыста қолданыс тапқан термометрлерде көбіне температураға
сезімтал сұйықтар (су, спирт немесе сынап) пайдаланылады. Мұндай тер-
мометрлерде (сурет 1.5,
а – жоғарғысы сынапты термометр) сұйық көлемі
кішігірім баллонға толтырыла құйылады. Баллондағы сұйық қабырғасы
мөлдір ұзын түтікшемен жалғасады. Баллон мен түтікше бөліктерге
бөлінген шкалаға бекітіледі.
4. Соңғы жылдары заманауи цифрлық технологияға негізделген тер-
мометрлер де көптеп шығарыла бастады (сурет 1.5 – сынапты термометр-
ден басқалары). Ондай цифрлы термометрлер екі түрге бөлінеді. Олардың
температураны денеге жанастырып өлшейтін түрлері де бар, денеге
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
12
жанас тырмай өлшейтін түрлері де бар. Соңғы түрлеріне
инфратермо-
метрлер жатады (сурет 1.5,
ә).
5. Термометрді градуирлеу үшін, яғни бөліктерге сәйкес келетін
өлшеу нәтижелерін көрсететін сандарды анықтау үшін баллондағы
сұйықтың көлемі температураға пропорционал өзгереді деп есептеледі.
Мұндай жағдайда температураның кез келген шкаласын салуға болады.
Солардың бірі – тұрмыста кең қолданылатын швед астрономы А. Цель-
сийдің құрметіне аталған
Достарыңызбен бөлісу: