Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Ток  көзінде  зарядтарды  бөлектейтін  электрлік  емес  күштерді



Pdf көрінісі
бет157/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   302
Ток  көзінде  зарядтарды  бөлектейтін  электрлік  емес  күштерді 
бөгде күштер 
деп атайды.
5. Электр тогы жүруінің тағы бір шарты зарядтарды үздіксіз өткізіп 
отыратын әртүрлі өткізгіштер мен ток көзінен тұратын 
тұйық электр 
тізбегі болып табылады (сурет 5.4).
Тұйық  электр  тізбегі 
деп  ток  көзінен,  жалғастырғыш  өткізгіш-
терден және электр энергиясын тұтынушы құралдардан тұратын 
тізбекті айтады.
Электр  тізбегі 
сыртқы  бөлік  және  ішкі  бөлік  деп  аталатын  екі 
бөліктен  тұрады.  Тізбектің  сыртқы  бөлігін
  жалғастырғыш  өткізгіштер 
және  электр  энергиясын  тұтынушы  құралдар,  ал  ішкі  бөлігін  ток  көзі 
және оның ішіндегі құрылымдық элементтер құрайды. 
Тізбектің  ішкі  бөлігінде  электр  энергиясына  электрлік  емес  энер-
гиялар  түрленеді,  ал  сыртқы  бөлігінде  электр  энергиясының  басқа 
энергияларға  түрленуі  орын  алады.  Мысалы,  тізбекке  қосылған  шамда 
(сурет  5.4)  электр  энергиясы  көрінетін  жарық  сәулесінің  энергиясына 
және  көрінбейтін  инфрақызыл  сәуленің  жылу  энергиясына  түрленеді. 
Сондай-ақ  электрқозғалтқыштарда  –  механикалық  энергияға,  үтіктер 
мен  электр  плиталарында  жылытқыш  элементтердің  ішкі  энергиясына 
түрленеді.  Өз  кезегінде  қызған  элементтердің  ішкі  энергиялары  жылу 
алмасу жолымен сыртқы ортаға белгілі жылу мөлшерін береді.
Сурет 5.4. Электр тізбегіндегі 
ток көзінің, шамның және 
кілттің шартты белгілері
 Сурет 5.3: а) электролиттегі оң және теріс зарядтар;  
ә) Талдықорғанда шығатын «Барс» аккумуляторы
ә)
а)
+ Анод                    Катод –
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


117


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет