69
алмасу жолымен газға беріледі. Температурасы өсіп, көлемі ұлғайған
газ сыртқы денені қозғап, жұмыс істей алады. Көлемі ұлғайған газдың
істеген жұмысын нақты анықтау үшін төменде сипатталған тәжірибеге
жүгінейік.
Термодинамикалық жүйе ретінде цилиндр ішінде поршеньмен тұйық-
талған газды алайық (сурет 3.1,
а). Поршень үйкеліссіз қозғала алады.
Сондықтан газға сырттан да, іштен де түсетін қысым өзгермей тұрақты
сақталады (
р =
const). Газға біраз жылу мөлшерін берсек, температура
жоғарылап, газ ұлғая бастайды да,
поршень
l аралығына жылжиды.
Термодинамиканың бірінші заңына сәйкес, жанған отынның энер-
гиясы газдың ішкі энергиясын өсіруге және сыртқы күштерге қарсы
істелетін газдың жұмысына шығындалады:
Достарыңызбен бөлісу: