3. Өткізгіштің электр кедергісі деп электр тогын өткізуге қарсы әрекет жасайтын қасиетін айтады. Өткізгіштердің кедергілері тәжірибе жүзінде анықталған. Көптеген
тәжірибелер өткізгіштердің кедергілері олардың
ұзындығына, қандай материалдардан жасалғанына және көлденең қимасының ауданына тәуелді болатынын көрсетті. Эксперимент жүзінде анықталған бұндай
тәуелділік былайша тұжырымдалады:
Өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына және материалдарын сипаттайтын меншікті кедергісіне тура пропорционал, көлденең қимасының ауданына (сурет 5.8) кері пропорционал: R = ρl S , мұндағы:
ρ –өткізгіштіңменшікті кедергісі;l–өткізгіштің ұзындығы; S –өткізгіштің көлденең қимасының ауданы.
Сурет 5.7:
а) амперметрлер; ә) амперметр кедергісі бар өткізгішке тізбектеп жалғанады
а)
ә)
I I 2 1
Сурет 5.8.Өткізгіштердегі электр тогының (
І), кернеуліктің (Е) және
зарядтарға әрекет ететін Кулон күшінің (
F) бағыттары
а)
ә)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
121
Тәжірибе негізінде алынған жоғарыдағы формуладан өткізгіштің
меншікті кедергісін мына өрнек бойынша анықтайды: