129
5. Тізбектегі электр шамына реостат жалғанған. Тізбектің ұштарындағы
кернеу 12 В. Реостатқа жалғанған вольтметр 8 В кернеуді көрсетеді.
Тізбектегі токтың күші 80 мА. Тізбектің сызбасын сызып көрсетіңдер
де, реостаттың және шамның кедергілерін табыңдар.
№4 зертханалық жұмыс
Ток күшінің электр тізбегі бөлігіндегі кернеуге тәуелділігін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: тәжірибеде ток күшінің электр кернеуі мен
өткізгіштің кедергісіне тәуелділігін зерттеу.
Аспаптар мен жабдықтар: зертханалық амперметр мен вольт метр, жал-
ғастырушы сымдар, ток көзі, тізбекті тұйықтайтын кілт, кедергілері 1 Ом, 2 Ом
және 4 Ом болатын үш
резистор, реостат.
1-тапсырма. Амперметр мен вольтметр
шкалала
-
рының құнын және өлшеудің аспаптық
санақ қатесін
анықтаңдар.
2-тапсырма. Суретте көрсетілген сызба бойынша
электр тізбегін жинастырыңдар.
Тәжірибе 1.
Ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерт-
теу (кедергі тұрақты R = const)
. Тізбекті тұйықтап,
ток көзіне қосыңдар. Реостаттың жәрдемімен кедергісі
2 Ом
резистордың ұштарындағы кернеуді 1 В, 2 В және
3 В-қа жеткізе отырып, әр жолғы амперметр мен вольт-
метрдің көрсетулерін төмендегі 1-кестеге түсіріңдер.
1-кесте
Кернеу, В
Ток күші, А
3-тапсырма. Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, ток күшінің кернеу ге тәуелділік
графигін сызыңдар да, қорытынды жасаңдар.
Тәжірибе 2.
Ток күшінің тізбектің бөлігіндегі кедергіге тә уелділігін зерттеу
(кернеу тұрақты: U = const).
4-тапсырма. Электр тізбегіне кедергісі 1 Ом, 2 Ом
және
4 Ом болатын резис-
торды кезекпен қосып, әр жолы реостаттың жәрдемімен олардың ұштарындағы
кернеуді 2 В-қа теңестіріп отырыңдар. Әр кедергіге сәйкес амперметрдің
көрсеткен ток күшін төмендегі 2-кестеге түсіріп жазыңдар.
2-кесте
Тізбек
бөлігінің кедергісі, Ом
Ток күші, А
5-тапсырма. Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, ток күшінің электр тізбегі
бөлігінің кедергісіне тәуелділік графигін сызыңдар да, қорытынды жасаңдар.
Сурет 5.15
9 – 3477
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217