ыстық плазма деп атайды. Күн мен жұлдыздар ыстық плазмадан тұрады.
Жер бетінде ыстық плазманы ұстап тұратын ешқандай «ыдыс» жоқ,
оны тек қана аса күшті электрмагниттердің магнит өрістері ғана ұстап
тұра алады.
Электрмагниттердің қолданыс аясына қарай олардың салмағы мил-
лиграмнан бастап жүздеген-мыңдаған тонналардан асады. Олардың
жұмыс жасағанда тұтынатын қуаты милливаттан бастап, ондаған мың
киловатқа жетеді.
1. Электрмагниттер деп қандай құрылғыларды айтады және олар қандай
бөліктерден тұрады? Қандай жаңалықтар электрмагниттерді жасауға
негіз болды?
2. Электрмагниттің тарту күші мен одан өтетін ток күшінің арасында
қандай байланыс бар? Бұл байланыс қалай анықталған?
3. Электрмагниттің тарту күші мен оның орамдарының арасында қандай
байланыс бар? Бұл байланыс қалай анықталған?
Сурет 6.9. Коллайдер
Сурет 6.10. Қазақстандық «Токамак»
? Сұрақтар Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217