188
Сурет 7.10. Телескоптар
Сурет 7.11.
Прожектор
Егер ойыс айнаның фокусына нүктелік жарық көзін орналастырсақ,
онда
қайтымдылық құбылысы орын алып, жарықтың шағылған
сәулелері оптикалық өске параллель жарық шоғы түрінде айнадан
шығады. Прожекторлардың (сурет 7.11) жұмыс істеу принципі осы
құбылысқа негізделген.
Дөңес айнаның (сурет 7.9, ә) оптикалық өсіне параллель қозғалып,
М нүктесіне жеткен КМ сәулесі айна бетінен жарықтың шағылу заңына
сәйкес шағылады. Алайда дөңес айнадан шағылған жарық сәулелері
ойыс айнадағы сияқты фокус нүктесінде тоғыспайды, керісінше, бір-
бірінен алшақтай түсіп, кеңістікте сейіліп кетеді.
3. Енді сфералық айналарда нәрселердің кескіндерін салудың амалда-
рын көрсетейік. Мысал үшін ойыс айнадағы балауыз шамының кескінін
салайық. Шам ойыс айнаның центрінен тыс оптикалық өске перпенди-
куляр орналассын (сурет 7.12,
а). Шамның жалыны ұшынан тараған
шашыраған жарық шоғының біразы ойыс айнаға түседі. Айнаға түскен
жарық шоғы ішінен мына үш шарттың талаптарын қанағаттандыратын
үш сәулені таңдап аламыз: 1) бірінші сәуле оптикалық өске параллель
болсын; 2) екінші сәуле айнаның оптикалық өстегі төбесіне түсетін бол-
сын; 3) үшінші сәуле айнаның фокусын басып айнаға түссін.
Бірінші сәуле оптикалық өске параллель болғандықтан, оның айнадан
шағылған сәулесі, жоғарыда дәлелдегеніміздей,
F фокусты басып өтеді.
Айнаның төбесіне белгілі бұрышпен түсіп, сондай бұрышпен шағылған
екінші сәуле бірінші шағылған сәулемен қиылысады. Осы екі шағылған
сәулелердің қиылысу нүктесі жалын ұшының айнадағы кескінін береді.
Бұл қорытындыны үшінші шағылған сәуле де растайды. Өйткені үшінші
сәуле фокусты басып айнаға түскендіктен,
қайтымдылық құбылысына
сәйкес айнадан оптикалық өске параллель шағылады. Сөйтіп, айнадан
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
189
шағылған үш сәуле де, суретте көрсетілгендей, бір нүктеде қиылысып,
жалынның ұшын кескіндейді (сурет 7.12,
а).
Шамның айнадағы кескінін толық алу үшін оның табанының кескіні
де жоғарыда сипатталған үш шартқа сәйкес анықталады. Біз қарастырып
отырған жағдайда шамның табанынан шығатын үш сәуле де оптикалық
өстің бойында жатыр. Сондықтан олардың шағылған сәулелері де осы
өстің бойында жатады. Ендеше, шам жалынын кескіндейтін нүктеден
оптикалық өске перпендикуляр түсіріп, оның ойыс айнадағы жасанды,
бірақ толық кескінін аламыз.
Сонымен, ойыс айнаның центрінен тыс орналасқан нәрсенің айна-
дағы кескіні шамның
Достарыңызбен бөлісу: