ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ОҚУШЫЛАР МЕҢГЕРУГЕ ТИІСТІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТТАР: – молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау; – температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау; – температураны Цельсий, Кельвин шкалаларында өрнектеу; – дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау; – жылу алмасудың түрлерін салыстыру; – техникада және тұрмыста жылу алмасу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру; – әртүрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру; – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау; – заттың меншікті жылусыйымдылығының мағынасын түсіндіру; – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау; – жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу