Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет140/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   219
Дыбыстың қаттылығын
анықтау 
үшін камертонды пайдаланады. 
Камер-
тон
– екі ашалы айыр тәрізді метал-
дан жасалған аспап
(сурет 5.28).
Камертондардың немесе басқа гармо-
никалық тербеліс жасайтын денелер-
дің шығаратын дыбыстары
музыкалық 
дыбыстар
деп аталады.
Камертонның бір тармағын таяқша-
мен ұрсақ, екі тармағы да тербеліп, қор-
шаған ауада дыбыс толқынын тудырады. Әдетте мектеп камертонда-
ры бірінші октаваның «ля» нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады. 
Сурет 5.28. Камертондар


200
ПРОЕКТ
Енді оның тармақтарының біріне инені бекітіп, оны қарайтылған әйнек 
үстімен жүргізсек, дыбыс шығарып тұрған камертонның синусоидалық 
тербелісінің графигін аламыз (сурет 5.29).
Сурет 5.29: 
а
) қатты және 
ә
) жай дыбыстар графиктері
X
X
 
а

ә
)
Қатты дыбыс
t
t
Жай дыбыс
Камертонды таяқшамен неғұрлым қаттырақ ұрсақ, ол соғұрлым қат-
тырақ дыбыс шығарады және камертонның тармақтары едәуір үлкендеу 
амплитудамен тербелетін болады (сурет 5.29, 
а
). Камертонды ақырын 
ұрғанда амплитудасы кіші тербеліс тудырып (сурет 5.29, 
ә
), бәсең дыбыс 
шығарады.
Сонымен, 
дыбыс қаттылығы
 дыбыс шығаратын дененің тербеліс-
тер 
амплитудасымен
 анықталады
.
Дыбыс қаттылығының деңгейі Халықаралық бірліктер жүйесінде 
белмен (Б)
өлшенеді. Бір бел 10 децибелге (дБ) тең. Бұл өлшем 1847–
1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан америкалық өнер-
тапқыш А. Бельдің құрметіне берілген.
16 Гц-тен 20 000 Гц-ке дейінгі адамдар қабылдайтын дыбыстар диа-
пазоны 0-ден 140 дБ-ге дейінгі аралықта жатады. Мысалы, ұшақ қоз-
ғалтқышы гуіліндегі дыбыс қаттылығы 120 дБ, жапырақ сыбдыры 10 дБ 
шамасында естіледі. 180 дБ-ден артық болатын дыбыс құлақ жарғағын 
зақымдауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет