258
ПРОЕКТ
1.
Ядролық реакциялар
деп атом ядросының құрамы мен құры-
лымын өзгертетін реакцияларды айтады.
Атом
ядросының құрамы
мен құрылымы өзгеретін болса, онда оның
А
массалық саны мен
Z
заряд
саны да өзгереді. Олай болса, ядролық реакциялар
кезінде бір химия-
лық элемент екінші химиялық элементке түрленеді. Ядролық реакция-
лар арқылы химиялық элементтерді түрлендірудің екі жолы бар: бірін-
шісі – ауыр ядроны (мысалы, уран ядросын) екі-үш жарықшаққа бөліп,
екі немесе үш жеңілірек элементтердің ядроларын алу; екіншісі – өте
жеңіл элементтердің (мысалы, сутек пен гелий және литий) ядроларын
біріктіру арқылы ауырырақ элементтердің ядроларын алу.
Ядролық
реакциялардың бірінші түрін
бөлу реакциясы
, ал екінші түрін
біріктіру
(синтез) реакциясы
деп атайды.
2.
Бөлу
ядролық реакцияларының
мағынасын тереңірек түсіну үшін
уран атомының ядросына байланысты
мынадай маңызды қорытынды
шығаруға болады.
Біріншіден
, уран ядросындағы нуклондардың меншікті байланыс
энергиясы аз болғандықтан, оның ядросын аз энергия шығындап бірнеше
бөліктерге ыдырату жеңілдеу.
Екіншіден
, уран ядросындағы оң зарядты протондардың саны басқа
элементтердікінен көп. Ендеше, олардың кулондық тебілу күштері үлкен
шамаға жетіп, бөлінуді жеңілдетеді.
Үшіншіден
, жоғарыда көрсетілген екі жағдай біріге келіп, уран ядро-
сының ыдырауына себепкер болады.
Төртіншіден
, уран ядросы бірнеше бөліктерге бөліне қалса, олардың
массаларының қосындысы бөлінген ядроның массасынан едәуір кіші бо-
лады да,
∆
m
массалар ақауы туындайды. Оның есебінен аса мол ядролық
энергия босап шығады:
∆
Е
=
∆
m
· 931 МэВ.
Қазіргі кезде ауыр ядролардың (уран, торий изотоптары) бөлінуі ар-
қылы өндірілетін энергия атомдық реакторлар
мен атом электрстан-
сыларында (АЭС) алынады. Ал атомдық бомбада ядролық энергия бас-
қарусыз қопарылыс түрінде босайды. АЭС-тар үшін жер қойнауындағы
ядролық отынның (уранның) қоры 2–3
мың жылға жетеді деп болжам
жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: