Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет58/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   219
Ньютонның бірінші заңы
деген атаумен енген бұл заң жалпы түрде бы-
лайша тұжырымдалады:
Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекет-
тері теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін, не түзу-
сызықты бірқалыпты қозғалысын сақтайды.
4.
Тыныштықтағы денені қозғалысқа келтіруге немесе қозғалыстағы 
дененің жылдамдығын өзгертуге тырысқан жағдайда оның қарсыласу 
қасиеті 
инерттілік
 деп аталады.
Дененің инерттілігінің өлшемі 
масса
болып табылады. Дененің мас-
сасы үлкен болған сайын (
Р 

mg
) оны орнынан қозғалту немесе қоз-
ғалыстағы денені тоқтату, яғни жылдамдығын өзгерту қиынға соғады.
5. Ньютонның бірінші заңының ең басты ғылыми ерекшелігі 
инер-
циялық санақ жүйесін
енгізуі болып табылады. 7-сынып физикасын-
да және осы оқулықтың кинематика тарауында «тыныштық» пен «қоз-
ғалыс» ұғымдарының 
салыстырмалылығы туралы
айтқан болатынбыз. 
Расында да, санақ жүйесін таңдауымызға қарай денелердің тыныштық 
қалпы немесе қозғалыс күйі өзгеріп отырады. Мысалы, бірқалыпты 
түзусызықты қозғалатын вагонмен байланысқан санақ жүйесінде оның 
ішінде отырған адам тыныштық қалпын сақтайды. Ал Жер шарымен не-
месе оның бетінде орналасқан басқа да нысандармен байланысқан санақ 
жүйесінде вагон да, оның ішінде отырған адам да бірқалыпты түзусы-
зықты қозғалады. Ньютонның бірінші заңы осындай санақ жүйелерінің 
ішінен тек 
инерциялық санақ жүйесі
деп аталатын жүйені ғана таңдайды.
Қандай да бір санақ жүйесіндегі денеге әрекет ететін күштер бірін-
бірі теңгеріп тұратын болса, онда бұндай санақ жүйесі 
инерциялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет