Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет59/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   219
санақ жүйесі 
деп аталады
.
Инерциялық санақ жүйесі анықтамасында көрсетілген шарт Нью-
тонның бірінші заңының (немесе Галилейдің инерция заңының) ең ба-
сты айғағы болып табылады. Ендеше, қысқа түрде инерциялық санақ 
жүйесіне мынадай анықтама бере аламыз:
Инерциялық санақ жүйесі деп
Ньютонның бірінші заңы, яғни инер-
ция заңы орындалатын жүйені айтады.
Инерциялық санақ жүйесімен салыстырғанда белгілі бір тұрақты 


78
ПРОЕКТ
жылдамдықпен 
v

=
(
)
const
үдеусіз 
a
=
(
)
0
қозғалатын басқа жүйелердің 
барлығы да (мысалы, 
k
'
жүйесі, сурет 1.3) инерциялық санақ жүйелері 
болып табылады. Ньютон заңдары инерциялық санақ жүйелерінде ғана 
орындалады.
6.
Инерциялық емес санақ жүйесі
деп инерциялық санақ жүйесімен 
салыстырғанда айнымалы жылдамдықпен 
(
v

 

 const
)
 үдемелі 
(
a

 
0)
 
қозғалатын жүйені айтады.
Инерциялық емес санақ жүйелерінде Ньютон заңдары орындалмай-
ды. Инерциялық емес жүйеде Ньютон заңдары орындалу үшін «инер-
ция күші» деп аталатын арнайы түзету енгізіледі. Мысалы, вагон ор-
нынан үдемелі қозғала бастаған кезде үстел үстіндегі допқа басқа дене 
әрекет етпесе де, ол қарсы бағытта қозғала бастайды. Сол сияқты үлкен 
жылдамдықпен келе жатқан машинаға да жолдың бұрылысында белгісіз 
күш оны аудара жаздап (немесе аударып та) әрекет етеді. Міне, осын-
дай жағдайларда үдемелі қозғалатын инерциялық емес жүйелердегі де-
ненің қозғалыс күйінің өзгеру себебін түсіндіру үшін 
инерция күші
деп 
аталатын қосымша күш ұғымы енгізіледі.
Жалпы алғанда санақ жүйелерінің барлығы да инерциялық емес 
жүйелер болып табылады. Олардың ішінен белгілі бір дәлдікпен ғана 
инерциялық санақ жүйесі
таңдап алынады. Мысалы, жылдамдығы 
аз денелердің қозғалыстарын сипаттағанда инерциялық санақ жүйесі 
ретінде Жермен байланысқан санақ жүйесі алынады. Ақиқатына кел-
генде, өз өсінің төңірегінде де, Күн төңірегінде де айнала қозғалатын 
Жер инерциялық емес санақ жүйесі болып табылады.
Жердің инерциялық емес санақ жүйесіне жа-
татынын 
Фуко маятнигі
көмегімен жасалған тә-
жірибелер айғақтайды. 
Фуко маятнигі
деп мей-
лінше ұзын жіпке ілінген массасы үлкен домалақ 
шар тәріздес денені айтады. Егер Жер абсолют
инерциялық санақ жүйесі (денесі) болса, онда 
Фуко маятнигінің тербелісі үнемі бір ғана жазық-
тың бойында орындалар еді. Алайда маятник 
әртүрлі жазықтардың бойымен тербеледі. Оған 
Фуко маятнигіндегі шарды құммен толтырып
төменгі жағындағы тесіктен еденге төгілген құм 
жолақтарының (сурет 3.2) әртүрлі орналасу қал-
пынан байқаймыз.
Жермен байланысқан геоцентрлік санақ жүйесіне қарағанда Күнмен 
байланысқан гелиоцентрлік санақ жүйесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет