79
ПРОЕКТ
үлкен дәлдікпен жақындайды. Міне, осы
гелиоцентрлік санақ жүйе-
сін
Ньютон 1682 жылы Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған-
да пайдаланған болатын.
1. Механиканың динамика бөлімі қандай сұраққа жауап іздеп, нені зерт-
тейді?
2. Инерция деп дененің қандай қасиетін айтады? Инерция құбылысы бай-
қалу үшін қандай шарт орындалады?
3. Ньютонның бірінші заңы неге инерция заңы деп аталады және ол қалай
тұжырымдалады?
4. Инерттілік деп дененің қандай қасиетін айтады және ол қандай шамамен
сипатталады?
5. Инерциялық санақ жүйелері деп қандай жүйелерді айтады?
6. Инерциялық емес санақ жүйелері деп қандай жүйелерді айтады? «Инер-
ция күші» ұғымы не үшін енгізіледі?
1. Велосипед тасқа тірелгенде (сурет 3.3)
оны теуіп
келе жатқан бала алға қарай құлады. Неге осылай-
ша құлады? Қандай жағдайда құламайтын еді?
2. Балтаның сабынан балғамен ұрғанда (сурет 3.4)
балта неге кері бағытта қозғалады?
3. Егер тайғақ жолда адам алға, артқа,
солға және
оңға қарай құласа, онда оның аяғы сәйкесінше қай
бағыттарға қарай таяды?
4. Горизонталь жолда қозғалтқышы жұмыс істеп тұр-
ған машина бірқалыпты түзусызықты
қозғалып
келеді. Машинаға қанша күш әрекет етеді? Бұл
жағдайда Ньютонның 1-заңы орындала ма?
5. Санақ жүйесі вагонмен байланысқан.
Төмендегі
жағдайларда вагон қандай санақ жүйесі бола ала-
ды: а) вагон перронда тұр; ә) вагон бірқалыпты қоз-
ғалыс
жылдамдығын баяулатып, вокзалға жа-
қындап келеді; б) вагон бірқалыпты түзусызықты қозғалып келеді?
1. Төмендегі суреттерде көрсетілген
құрал-жабдықтарды пайдаланып,
эксперименттік зерттеулер жүргізіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: