Аспан меридианы немесе
бақылаушы меридианы – әлемнің полюс-
тері және зенит пен надир арқылы өтетін аспан сферасы бетіндегі үл-
кен дөңгелек. Ол бақылаушының Жердегі меридианының жазықтығы-
на сәйкес келеді де, аспан сферасын шығыстық және батыстық жарты
сфераларға бөледі.
Солтүстіктің және оңтүстіктің нүктелері – аспан меридианы-
ның ақиқат горизонтпен қиылысу нүктелері. Әлемнің Солтүстік полюсі-
не жақын нүкте ақиқат горизонттың солтүстік нүктесі деп, ал әлемнің
Оңтүстік полюсіне жақын нүкте ақиқат горизонттың оңтүстік нүктесі
деп аталады.
Шығыстың және батыстың нүктелері – аспан экваторының ақи-
қат горизонтпен қиылысу нүктелері.
Талтүс сызығы – ақиқат горизонттың бетіндегі солтүстік пен оң-
түстіктегі нүктелерді қосатын түзу сызық. Талтүс аталатын себебі: түскі
жергілікті күн уақыт бойынша вертикаль бағанның көлеңкесі осы сы-
зыққа, яғни берілген нүктенің ақиқат меридианына дәл келеді.
Аспан экваторының оңтүстік және солтүстік нүктелері – аспан
меридианының аспан экваторымен қиылысу нүктелері. Горизонттың
оңтүстігіне жақын нүкте аспан экваторының оңтүстік нүктесі деп, ал
горизонттың солтүстігіне жақын нүкте – солтүстік нүкте деп аталады.
Шырақ вертикалі немесе шырақтың дөңгелектік биіктігі –
аспан сферасы бетіндегі зенит, надир және шырақ арқылы өтетін үлкен
дөңгелек. Бірінші вертикаль – шығыс және батыс нүктелері арқылы өте-
тін вертикаль.
Еңіс дөңгелегі немесе шырақтың сағаттық дөңгелегі – аспан сфе-
расындағы әлемнің
Р және
Р ′
полюстері мен
М шырақ арқылы өтетін
үлкен дөңгелек.
Шырақтың тәуліктік параллелі – аспан сферасындағы шырақ ар-
қылы аспан экваторына параллель жүргізілген кіші дөңгелек. Шырақ-
тардың көрінерлік тәуліктік айналыстары тәуліктік параллельдер бо-
йымен өтеді.