Аспан сферасы – радиусы анықталмаған жорамал сфера.
•
Шоқжұлдыз – жұлдыз шоғырларын қамтитын шегарасы анықталған
аспан сферасының бөлігі.
•
Горизонттық координаталар жүйесінде шырақтың орны оның
А азимуты мен
һ биіктігі арқылы анықталады.
•
Экваторлық координаталар жүйесінде шырақтың орны оның
еңістік және
тура көтерілуімен анықталады.
•
Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы (ЖАЖК) әртүрлі астро-
номиялық бақылаулар мен есептерді шешуде қолданылатын құрал.
•
Аспан сферасының тәуліктік айналуының көрінісі бақылаушы
орнының
географиялық ендігіне байланысты.
•
Шырақтардың шарықтауы деп олардың көкжиектен ең жоғарғы
және төмен орналасуын айтады.
•
Кеплердің бірінші заңы: барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады. •
Кеплердің екінші заңы: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығына шамалары бірдей аудандар сызып шығады. •
Кеплердің үшінші заңы: кез келген екі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жартыөстерінің кубтарының қатынасына тең болады: T T a a 1
2
2
2
1
3
2
3
=
.
74
динамика негіздері ІІІ т а р а у X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
ПРОЕКТ