76
ПРОЕКТ
§14.
НЬЮтОННЫң БіріНШі ЗАңЫ.
ИНЕрцИяЛЫҚ САНАҚ жүйЕЛЕрі
1. Механиканың
динамика
деп аталатын екінші бөлімі денелердің
қозғалысын туғызатын себептерін анықтап, олардың қозғалыс заңды-
лықтарын зерттейді.
Ағылшынның ұлы ғалымы Исаак Ньютон өзіне дейін-
гі жаратылыстану және математика ғылымдарының же-
тістіктеріне сүйене отырып, денелердің өзара әрекеттесу
заңдарын теориялық зерделеу жолымен қорытындыла-
ды. Оның ашқан жаңалықтары 1687 жылы жарияланған
«Табиғат философиясының математикалық бастаулары»
деп аталатын еңбегінде жарияланды. Оған Ньютонның
үш заңы енді. «Ньютон заңдары» деген атаумен физи-
ка ғылымының даму тарихына енген бұл заңдардың қа-
тарын Бүкіләлемдік тартылыс заңы толықтырады.
2. Ньютон заңдарын
классикалық механика
заңдары деп те атайды.
Өйткені бұл заңдар ғасырлар бойы тәжірибеде жинақталған деректердің
жалпылама қорытындысы болып табылады. Мысалы, Ньютонның бі-
рінші заңының негізін, 7-сынып физикасында айтқанымыздай, өмірлік
тәжірибелерде байқалған «инерция» құбылыстары құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: