80
ПРОЕКТ
Сурет 3.5
а
)
ә
)
2. Байқалған құбылыстарды сипаттап, жазбаша түрде теориялық талдау-
лар жасаңдар.
1. 7-сынып физикасында күш
ұғымына қысқаша тоқталып,
кейбір
механикалық күштерді (ауырлық,
серпімділік, үйкеліс күштерін) қа-
растырған едік. 8-сынып физикасында зарядтардың
төңірегінде туын-
дайтын электр өрісі және олардың осы өріс арқылы өзара әрекеттесу күші
(Кулон күші) туралы айтқанбыз. Жалпы күш туралы ұғымды, солардың
ішінде механикалық күштер туралы алғашқы
мағлұматтар-ды Ньютон
ашқан заңдар, әсіресе Бүкіләлемдік тартылыс заңы толықтыра түседі.
Төменде қарастырылатын Ньютон заңдарына және 7–8-сыныптарда ал-
ған білімдерімізге сүйеніп, күш ұғымы туралы тереңірек сөз қозғаймыз.
Күш
деп берілген денеге басқа денелердің немесе әртүрлі өрістердің
әрекеттерінің сандық өлшемі болатын векторлық шаманы айтады.
Денеге әрекет ететін күш туралы айтқанда Ньютон заңдары мынадай
талап қояды: түскен күш берілген дененің
күйін өзгертуі
керек. Мұндай
жағдайда
дененің күйінің өзгеруі
деп оның
жылдамдығының
∆
v
шама-
сына өзгеруін
немесе
деформациялануын
айтады. Ал
жылдамдықтың
∆
v
шамасына өзгеруі үдеуге тура пропорционал
a
v
t
= ∆
. Ендеше,
күш
–
денеге үдеу туғызатын себеп
болып табылады. Сонымен, денеге үдеу
беретін немесе оны деформациялайтын күш қана әрекет ететін күш деп
есептеледі. Күшті
F
таңбасымен белгілейді.
Халықаралық бірліктер
жүйесінде күш, 7-сынып физикасында айтқанымыздай,
Достарыңызбен бөлісу: