96
ПРОЕКТ
Жаттығу 3.4
2. Ньютонның үшінші заңын қандай тәжірибелермен сипаттауға болады?
Олардан қандай қорытындылар жасалған?
3. Ауырлық күші қандай формуламен өрнектеледі
және оның физикалық
мағынасы қандай?
4. Денелерге модульдері бірдей, бағыттары қарама-қарсы күштер түскен кез-
де олардың үдемелі қозғалыстар жасауын қалай түсіндіруге болады?
5. Ішкі күштер деп қандай күштерді айтады? Ньютонның екінші заңын
қолданғанда ішкі күштерді елемеуге болатынын қалай дәлелдеуге болады?
1. Екі дене өзара әрекеттеседі (сурет 3.24).
А
және
В
денелерге
әрекет
ететін күштер көрсетілген. Бұл күштердің қайсысы екі дененің өзара
әрекеттесу күштеріне жатады? Неге?
2. Жіппен байланған екі арбаша центрден тепкіш машинада ығыспай ай-
налады (сурет 3.25). Екінші арбашаның массасын анықтаңдар. Бірінші
арбашаның массасы 300 г.
r
1
= 30 см;
r
2
=10 см.
F
F
F
F
A
1
A
2
A
4
A
3
F
F
F
F
B
1
B
2
B
3
B
4
B
1
2
r
1
r
2
Сурет 3.24
Сурет 3.25
3. Масссы 1 кг шар массасы белгісіз шармен соқтығысады. Олардың алған
үдеулері тиісінше 0,2 және 0,4 м/с
2
шамаларына тең.
Олардың өзара
әрекеттесу күшін және екінші шардың массасын анықтаңдар. Үйкеліс
ескерілмейді.
4. Массасы 1 кг шар массасы 2 кг шармен соқтығысады. Екінші шардың
алған үдеуі 0,2 м/с
2
. Олардың өзара әрекеттесу күшін және бірінші
шардың үдеуін анықтаңдар. Үйкеліс ескерілмейді.
5. Жіппен байланған екі цилиндр центрден
тепкіш машинада ығыспай
айналады. Айналу барысында бірінші цилиндр айналу өсінен 9 см ара-
қашықтықта орналасты. Егер екінші цилиндрдің массасы біріншіден
үш
есе артық болса, онда жіптің ұзындығы қандай болады?
6. Массасы
m
жүк массасы
М
лифтінің еденінде жатыр. Мына денелердің
арасындағы өзара әрекет күштерін бейнелеп көрсетіңдер: Жер, жүк,
лифт, лифтінің аспасы. Аспаның салмағы ескерілмейді.
7. Массасы
М
қозғалмайтын блок арқылы асыра тасталған жіпке массала-
ры
m
1
және
m
2
(
m
1
>
m
2
) екі жүк ілінген. Мына денелердің арасындағы
97
ПРОЕКТ
өзара әрекет күштерін бейнелеп көрсетіңдер: Жер, массасы
m
1
жүк,
массасы
m
2
жүк, жіп, блок, блок аспасы. Жіп пен аспаның массалары
және үйкеліс күші ескерілмейді.
Төмендегі көріністерге (сурет 3.26 және сурет 3.27)
Ньютон заңдары
негізінде теориялық талдаулар жасап, мына сұрақтардың жауабын жаз-
баша мақала түрінде қабырға газеттеріңде жариялаңдар: жүгі мен адам
отырған шананы ат не себепті тартып келеді? Қандай денелерге қандай
ішкі және сыртқы күштер түседі? Векторларын салып түсіндіріңдер.
Қандай жағдайда бала жүгі бар шананы тарта алмайды?
Сурет 3.26
Сурет 3.27
Достарыңызбен бөлісу: