екен, көрінеді, т.б.; 8) нық сенімділікті
білдіретін модаль сөздер:
əрине, əлбетте. Қазақ тіліндегі модаль сөздер қолданылу ерекшелігіне қарай
үш топқа бөлінеді: 1) тек синтаксистік қыстырма мүше ретінде
қолданылатын модаль сөздер:
əлпеті, шамасы, асылы, кім біледі, шы- нында, расында, бəлкім, əрине, əлбетте, т .с.с; 2) тек баяндауыштың
құрамында көмекші мүше ретінде қолданылатын модаль сөздер:
-у керек, -мақ/-мек керек, -са/-се керек, -уы ықтимал, -уы тиіс, -ты/- ті білем, -ған/-ген білем, т.б.; 3) əрі синтаксистік қыстырма мүше,
əрі қимыл есімді баяндауыштың шылауында қолданылатын модаль
сөз:
мүмкін, -уы/-уі мүмкін. Сонымен, модаль сөздер – семантикалық сипаты жағынан
сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны туралы өзіндік əртүрлі
көзқарасын білдіретін, шығу, даму жолдары анықталған,
лексика-грамматикалық белгілеріне қарай есім сөз таптарынан,
етістіктерден, көмекші жəне қыстырма сөздерден грамматикалану
жолымен қалыптасқан, өзі қатысты кейбір сөздермен омонимдік
сипатта болатын жəне сөйлемнің əр шеніндегі (позициясында)
қолданылысымен ерекшеленетін сөз табының бірі.
Пайдаланылған əдебиет тізімі: 1. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1967.
2.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.
– Алматы, 1998.
3.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007.
4. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі.
– Алматы, 2005.
5.
Алтаева А. Көмекші етістіктердің семантикасы. – Алматы, 2006.
6.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1996.
7. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.