Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет65/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

13. Шылау сөздер
1. Жалғаулық шылауларды тауып, түрлеріне қарай топтасты-
рыңыздар. Сөйлемдегі қызметін, ерекшелігін түсіндірі ңіздер.
Сондықтан Асылбекке өзінше бір оқшау ақыл салды. Қарашашты 
қоршаған жеңгелер мен қыздар да аз емес. Бірақ биылдан бұрын 
қымызы, сойысы жеткілікті болушы еді. Келесі күні қымыз үстіндегі 
мəжілістерінде осы əңгімелер жəне де сөйленді (М. Əуезов). Денесі 
шіліктей серпілген талдырмаш жігіт сияқты, бірақ қимылы кесек. 
Маңдайы кешегі Наймантайлар түнделетіп өткен Маңадырдың көк 
бұйра тарлауы мен боз бетегесі. Егер мынау аязда бүркітті суық, 
жас терекке отырғызса, табанының майын сорып, күрт жүдетпек 
(А. Сейдімбек). Қыран баласына дүние əрі кең, əрі тар. Жазушы мен 
əнші қыз ағалы-қарындас, ақын мен əнші қыз егіз туғандар дер едім. 


136
Əсет əрі балуан, əрі əнші, əрі сері деп атағы жайылған жігіт бола-
тын. Бұл оның Наталья жеңгейді қуантарда, не болмаса ерлік сияқты 
бірдеме істеп салғанда шығатын дауысы еді. Қасен қар астында біраз 
жатқасын жылынып, əрі-беріден соң түрегеп те алған (Ғ. Мүсірепов).
2. Септеулік шылауларды өзі меңгеретін септік жалғауларына 
қарай топтастырып, қай сөз табымен тіркесіп тұрғанын, мағынасын, 
қызметін, ерекшелігін анықтаңыздар. Морфологиялық талдау 
жасаңыздар.
Алғашқы кезде қонақтармен бірге кірген көршілер қазір тарап 
кеткен болатын. Асылбектермен айрылыспай бірге сапар шегетініне 
Абай көңілденіп қалды. Осы екеуі Құнанбай ісін күзден бері со-
зып, астыртын шолақ қағаздармен бірге Омбыға, көрпіске беттетіп 
жатқан (М. Əуезов). Онан əрі құба төбел, қоңыр үйлер қотан жасай 
қонысыпты. Ауылды алыстан айналып өту үшін Наймантай жігіттері 
ағаш ішін бойлаңқырап біраз жер жүрді. Тіпті мая ығындағы аттарға 
дейін сілейе тыныстап, таңғы жусауға бой алдырыпты. Осынау еш 
мойымаған өр мінезіне қоса бүгінгі түннен бері қиялшыл болып 
алды (А. Сейдімбек). Түс ауа Қояндыға қарай жүріп кеттік. Келер 
жылғы Қоянды базары мен үшін үлкен мейрам болып өтті. Олар 
қашаннан бері қаласын қорғаумен қалжыраған, ашыққан. Кешке 
таман жұмыстан келгесін біздің үйге жиналып аламыз да, Сембек 
оқиды, біз тыңдаймыз. Қуаныш белгісі берілгеннен кейін, бригада 
таңертеңгі қайратқа қайта мініп, ақ тауды талқандап, ілгері қарай 
тезірек жүріп кетті. Кешегіден гөрі бүгінгі күннің алды тар сияқты 
(Ғ. Мүсірепов). 
3. Демеулік шылауларды тауып, шылаудың басқа түрлерінен 
ерекшелігін, өзі тіркескен сөзіне үстеп тұрған мағынасын 
түсіндіріңіздер.
Екеуі де шарасыз ауыр мұңға батып, үндемей жүдеп қалды. Енді 
соның арты оңай айыға ма? Жалғыз-жарым сауын мен тірлігі осы 
сен əкеткен аз ғана қарада тұр (М. Əуезов). Қозы өрісіндей ғана жер-
ге жайылған бұлақ табанының көгорай шалғынына ірге тиістіре, 
шүпірлей қонысқан. Меңсіз қарасын сүйкей қамшылаған Тұрсын 
кешікпей-ақ қалың ағаштың тасасына сіңіп, жоқ болып кетті. Үні де, 
қимылы да іші-бауырыңа кіргендей сыпайы-ақ. – Сол сөзің рас болса, 
тақияңа тар болып келе жатыр ма? Ол құс қасқырдан мерт болған-ды, 
сонан бері қилы-қилы заман өтіп, Сыздықтың қолына талай-талай 
бүркіт түссе де, солардың біріне бұл томаға шақ келмеген. Бүгінгі 


137
түнде ұйықтамаған тек Сыздық қана (А. Сейдімбек). Ұябасар оны 
өлімге жұмсаған жоқ-ты. Мен «Қос шалқарды» өмірімде үш-ақ рет 
көрдім. Кіруін ұрланып кірсек те, көңілді көкке көтеріп, қылп еткен 
сыбдырға жаңғырығып тұрған нуға кіргесін, айғайламасқа дəтіміз 
шыдасын ба!? Жидекті қуып ұзасқан сайын айғайымыз басымдап, 
Тəпелі «құрғыр» естіп қалыпты ғой. Жаңа ғана барған жайлаудың 
қызығы артта қалғаны жігіттерге қатты батып келеді. Қуар-ау, сабар-
ау деп те ойлағаным жоқ. Соңғы боран іштен шыққан кесек қарларды 
да бауырына басып, кейбір елеусіз бейнелерді ғана қалдырған. 
Дүниеге адам əкелем, білдің бе? Сондықтан мен сені адамға сана-
маймын да (Ғ. Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет