Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет8/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

олай еткені → өйткені, 
мə саған → мəссаған, т.б. Соған қарамастан, бұл топтағы сөздердің 
тіл жүйесіндегі орны мен қызметі бірдей емес. Көмекші сөздер мен 
одағайларға қарағанда, бұл орайда атауыш сөздер ерекше орын ала-
ды. 
Сөздерді семантикалық жəне морфологиялық белгілеріне қарай 
топтастыру оларды лексика-грамматикалық сипатына қарай, яғни 
сөз таптарына жіктеуге негіз болады. Атауыш сөздер мен көмекші 
сөздердің жəне одағай сөздердің арақатынасы олардың сөз таптары-
на қатысы тұрғысынан да түсіндіріледі.
Ғалым А. Байтұрсынов атауыш сөздерге зат есім, сын есім, сан 
есім, есімдік, етістікті, ал көмекші сөздерге (
ғалым шылау сөздер 
деп атайды. автор) үстеу, демеу, жалғаулық жəне одағай сөздерді 
жатқызады. А. Ысқақов атауыш сөздерді есімдер жəне етістіктер 
деп екі топқа бөліп, есімдердің өзін іштей атаушы есім жəне үстеуші 
есім деп жіктейді. Ғалым атауыш сөздерді осылайша топтастыруда 
олардың заттық мағыналары негізге алынбайтындығын, керісінше, 
категориялық семантикаға баса назар аударылатынын ескертеді. Ал 
көмекші сөздерге тек шылауларды жатқызып, олардың негізгі үш 
түрін (жалғаулық, демеулік, септеулік) бөліп көрсетеді. 
Ал Н. Оралбай шылаулармен бірге көмекші есім, көмекші етістік, 


24
күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буындарды да көмекші 
сөздер қатарына жатқызып, оларды сөз табына қатысына қарай 
белгілі сөз табына қатысты көмекшілер жəне сөз табына қатысы жоқ 
көмекшілер деп екіге бөледі. Бірінші топқа көмекші есім, көмекші 
етістік, септеулік шылаулар, күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш 
буындарды, екінші, яғни сөз табына қатысы жоқ көмекшілерге 
жалғаулық жəне демеулік шылауларды жатқызады. Алдыңғы 
пікірлерден ерекшелігі: ғалым тілдегі қалыптасқан көмекші сөздер 
тобына күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буындарды қосады. 
Күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буындар бұған дейін шы-
рай категориясының көрсеткіштері қызметінде сын есімнің аясында 
қарастырылып келгендігі белгілі. Зерттеуші олардың өзі тіркесетін 
сөзіне үстейтін мағынасы мен тіркесу ерекшеліктерін саралай оты-
рып, қызметі жағынан көмекші сөздерге бір табан жақын екендігін 
анықтайды, соның негізінде көмекші сөздер қатарында қарастырады. 
Қазақ тілінің академиялық грамматикаларында да сөз топтары 
түрліше топтастырылады. Егер «Қазіргі қазақ тілі» (1954) еңбегінде 
атауыш сөздерді (негізгі) есімдер жəне етістіктер деп екіге бөліп, 
есімдер тобына зат есім, сын есім, сан есім, есімдікті жатқызса, 
етістіктер тобына мағына жағынан қимылды, амалды білідретін 
сөздерді, яғни етістіктерді жатқызады. Ал «Қазақ тілінің грамма-
тикасы. Морфология» (1967) еңбегінде атауыш сөздерді есімдер 
жəне етістіктер деп бөліп, одан əрі атауыш сөздерді атауыш есімдер, 
үстеуіш есімдер жəне етістіктер деп бөлудің өзіндік негізі бар 
екендігін көрсетеді. 
Тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді атауыш, көмекші жəне 
одағай сөздер деп жіктеуде олардың семантикалық белгілері негізге 
алынса, сөз таптарына қарай таптастыруда лексика-семантикалық 
белгілерімен қатар грамматикалық ерекшеліктеріне де назар аудары-
лады. Сондықтан сөздерді таптастыру олардың грамматикалық сипа-
тымен байланысты жүзеге асырылады. Бұл орайда, біріншіден, жеке 
сөз таптарына телінетін сөздердің барлығы тілдің сөздік құрамына 
еніп, олардың əрқайсысы лексика-семантикалық тұрғыдан саралануы 
тиіс; екіншіден, грамматиканың негізгі міндеттерінің бірі сөздерді 
грамматикалық жағынан таптастырып, олардың түрлену жүйесін, 
тіркесу əлеуеті мен синтаксистік қызметін анықтау болғандықтан, 
əрбір сөз табы жəне оның құрамына енетін əрбір сөз грамматикалық 
тұрғыдан да сипатталуы қажет. 
Сөздерді белгілі бір сөз табына топтап, таптастыру мəселесі ту-


25
ралы Қ. Жұбанов маңызды тұжырым жасайды. Ғалым тіліміздегі
сөздердің қай-қайсысы болса да өзіндік лексика-грамматикалық си-
патына қарай үнемі біркелкі болып келе бермейтінін, олардың іштей 
бірнеше жікке бөлініп жататынын жəне ол жіктердің белгілі бір 
тұрақты заңдылықтарға негізделіп, соның ыңғайында топтасып жа-
татынын атап көрсетеді. Ғалымның пікірінше, топқа айырғанда мы-
надай үш түрлі негізге сүйенеміз: 1) лексикалық қасиеттеріне қарай; 
2) морфологиялық қасиеттеріне қарай: қандай қосымша, қандай 
қосалқы ертетіндігіне қарай; 3) сөйлемде қай мүше болатындығына, 
қай орында тұратындығына қарай. Сөз таптарына жіктеудің бұл 
үш негізі қазақ тілі үшін ғана емес, жалпы түркі тілдері үшін де 
маңызды. Оның маңыздылығы: бұл негіздер күні бүгінге дейін тіл 
білімін зерттеушілердің өзекті қағидатына айналып отыр.
Сөздер өзара ортақ лексика-грамматикалық сипаты мен 
белгілері арқылы сөз табы ретінде танылады. Ал сөздің лексика-
грамматикалық белгілері деген ұғым белгілі бір сөзге, сөз табы-
на тəн барлық лексикалық (семантикалық), морфологиялық жəне 
синтаксистік сыр-сипаттарды толық қамтиды.
Қазақ тілінде сөздерді таптастырудың белгілі бір қағидаттары 
(принциптері) қалыптасқан. Бірақ сөз таптарының сол қағидаттарға 
қатысы туралы мəселеде оларды бірде лексика-грамматикалық, 
бірде формалды-грамматикалық, енді бірде таза грамматикалық ка-
тегория ретінде қарастыратын əртүрлі көзқарастар бар. Сөз тапта-
рын сөздердің лексика-грамматикалық топтары деп анықтау орыс 
тіл білімінде В. В. Виноградов, И. И. Мещанинов, Н. С. Поспелов, 
т.б. ғалымдардың тұжырымдарынан көрінсе, Ф. Ф. Фортунатов 
пен оның мектебі сөз таптарын тек морфологиялық категория деп 
тану қажеттігін негізге алып, оларды формалды-грамматикалық 
категория ретінде қарастырады. Ал А. А. Реформатский, О. П. Су-
ник, А. А. Шахматов, т.б. ғалымдар сөздерді таптастыруда жалпы 
грамматикалық мағынаға баса мəн беріп, соның негізінде сөз тап-
тарын таза грамматикалық категориялар деп түсіндіреді. Ғалым 
К. Аханов орыс тіл біліміндегі сөздерді таптастыру қағидаттарына 
қатысты келтірілген көзқарастардың ішінен бірінші топтағы 
ғалымдардың көзқарасын, яғни сөз таптарын сөздердің лексика-
грамматикалық категориясы ретінде қарастыратын ғылыми 
тұжырымдарды дəлелді деп таниды. Ғалымның пікірінше, сөз өзінің 
лексикалық мағынасымен бірге белгілі бір сөз табының мағынасына 
да ие болады. Сөздің лексикалық мағынасы мен сөз табы ретіндегі 


26
мағынасын бірдей деп қарауға болмайды. Сондықтан ғалым сөздің 
сөз табы ретіндегі мағынасын оның лексикалық мағынасынан 
ажырату үшін орыс тіл біліміндегі «жалпы категориялды мағына» 
ұғымын қолданады. Сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда жал-
пы категориялды мағыналарымен қатар олардың морфологиялық 
жəне синтаксистік белгілеріне де назар аударылады. Осы үш белгі 
сөздерді таптастырудың лексика-семантикалық, морфологиялық 
жəне синтаксистік қағидаттарына негіз болады.
Сөздерді таптастыру қағидаттарына қатысты А. Ысқақовтың 
пікірін сараласақ, ғалым тілдегі барлық сөздерді таптастырғанда 
олардың лексика-семантикалық жəне грамматикалық жақтары бірдей 
ескерілуі керек деген тұжырым жасайды. Ал сөз табының аталған 
қырларын, яғни семантикалық, морфологиялық жəне синтаксистік 
жақтарын дұрыс анықтау үшін осы белгілерді толық қамту қажет. Тек 
сонда ғана сөз табына енетін сөздің мазмұны, морфологиялық фор-
масы мен синтаксистік қызметі толық анықталады. Бұл белгілердің 
сөз таптарына енетін сөздердің барлығына тəн бола бермейтіндігін 
ескерсек, сөздерді таптастыру қағидаттарының сөз таптары 
жүйесіндегі қызметі мен сипаты да бірдей болмайды. Сондықтан 
кейбір сөз таптарында таптастыру қағидаттарының бірі негізгі бол-
са, басқасы жанама болуы немесе ол сөз табына қатысы басқаша си-
патта көрінуі де əбден мүмкін. Мысалы, одағай, еліктеу сөздер мен 
шылаулардың түрленбеуі олардың морфологиялық белгісі ретінде 
танылады. Соның негізінде оларды сөз табы ретінде анықтауда осы 
белгісі негізге алынады. 
Сөз таптарын анықтау жүйесінде морфологиялық жəне син-
таксистік белгілердің барлық сөздерде бірдей дəрежеде болмауы-
нан бұл үш ұстанымның бəрі біркелкі шешуші қызмет атқармайды. 
Соған қарамастан, сөздерді грамматикалық топтарға, яғни сөз 
таптарына таптастыруда семантикалық, морфологиялық жəне 
синтаксистік қағидаттардың негізге алынуы сөз таптарына қатысты 
жалпы заңдылық болып танылады. Ал олардың ішінен қайсысы 
негізгі, тірек қағидат бола алады деген жағдайда, ғалымдар, негізі-
нен, семантикалық қағидатты негіз етіп алады. 
Сөздерді таптастыру қағидаттары бойынша қазақ тілінде бертінге 
дейін тоғыз сөз табы анықталып келсе, кейінгі грамматикада мо-
даль сөздер де сөз табы ретінде танылып, он сөз табы көрсетіледі. 
Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу 
сөздер, шылау, одағай, модаль сөздер. Сөз таптарының тұрақталып 


27
айқындалуына, олардың жүйелі тəртіпке түсірілуіне өзіндік үлес 
қосқан ғалымдар қатарында А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Н. Сау-
ранбаев, А. Ысқақов, С. Исаев, т.б. ғалымдарды ерекше атауға 
болады.
Бұл сөз таптарының лексика-грамматикалық сипаты, қызметі, 
тілдегі алатын орны, қалыптасуы бірдей емес. Сондай-ақ сөз 
таптарының барлығы бірдей таптастыру ұстанымдарына толық 
сай келе бермейді. Олардың ішінде грамматикалық категорияла-
ры жоқ, түрленбейтін сөз таптары да бар. Мəселен, үстеу, еліктеу, 
одағайлар түрленбейді, бірақ үстеу мен еліктеу сөздер сөйлем 
мүшесі қызметін атқарады, ал одағай сөздер сөйлемде синтаксистік 
қызмет атқармайды.
Сонымен, сөздерді таптастыру қағидаттары бойынша атауыш 
сөздер: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу 
сөздер; көмекші сөздер: шылау, одағай жəне модаль сөздер болып 
бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет