Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Пайдаланылған əдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет44/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

Пайдаланылған əдебиет тізімі: 
1. 
 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991. 
2. 
Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық фор-
манттары. – Алматы, 1975.


97
3. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық 
фор ман ттарының құрылысы мен мағынасы. – Алматы,1979.
4. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007.
5. Оралбай Н. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Павлодар, 2011.
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1996. 
7. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.
– Алматы, 1998. 
8. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы, 2007. 
9. Академик Н. Сауранбаевтың еңбектері. 2-том. –Алматы, 2008.
10. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Тілдегі аналитизм жəне синтетизм құбылыстары.
2. Сөздің аналитикалық жəне синтетикалық формалары.
3. Аналитикалық құрылым, түрлері, ерекшелігі.
4. Аналитикалық форма жəне аналитикалық формант ұғымдарының 
арақатынасы.
5. Күрделі етістік жəне етістіктің аналитикалық формасы, зерттелуі, 
ерекшелігі.
6. Аналитикалық форма жəне аналитикалық формант.
7. Аналитикалық формант түрлері, құрамы, мағынасы.
8. Аналитикалық форманттардың етістіктің грамматикалық категория-
ларымен байланысы.
11. Үстеу
Семантикалық жағынан қимылдың, іс-əрекеттің мекенін, мез-
гілін, жүзеге асу амалын, мақсатын, т.б. əртүрлі белгілерін білдіретін, 
морфологиялық жағынан арнайы грамматикалық тұлғалармен 
түрленбейтін, синтаксистік жағынан сөйлемде пысықтауыш 
қызметін атқаратын сөз табы үстеу деп аталады. «Қазақ тілінің 
грамматикасында» (1967) «лексика-семантикалық сипаты жағынан 
үстеулер заттың қимыл-əрекеті мен сынының əр алуан белгілерін 
білдіру үшін қолданылатын сөздер» ретінде анықталады. Бірақ бұл 
орайда үстеудің заттың қимылы мен сынын білдіруі етістік жəне сын 
есімдермен бірдей сипатта болмайды. Тілде қимылдың белгісі кейбір 
есім сөздер мен етістіктердің жеке формалары арқылы да беріледі. 
Мысалы,
 бірді бірден алу, бірден тану; ыстық күнде далаға шықпау, 
күнде далаға шығу, т.б. Мұндағы бірден, күнде сөздері тұлғасы 
7–1136


98
жағынан бірдей болғанымен, мағына жағынан бір-бірінен мүлдем 
алшақ сөздер. Үстеу мағынасындағы (
бірден тану, күнде шығу
сөздердің басты семантикалық айырмашылығы: сан есім мен зат 
есімдер қосымша грамматикалық формалармен түрленген жағдайда 
да өздерінің бастапқы мағыналарынан қол үзбей, соған қосымша 
грамматикалық мағына үстесе, үстеулердің мағынасы ондай 
нақтылықтан қол үзіп, жалпылама абстрактілік сипатқа ие болады. 
Мұндай сөздер белгілі бір грамматикалық формаларда қолданылған 
жағдайда өзінің лексика-грамматикалық ортасынан оқшауланып
өзгеше лексика-грамматикалық дербестікке ие болып, нəтижесінде 
үстеу сөздер қатарына ауысады. Басқа сөз табынан үстеу қатарына 
ауысу үстеулердің сол сөз таптарындағы өзімен тұлғалас сөздермен 
омонимдес сипатта қолданылуына негіз болады. Мысалы, 
қайта 
(əңгімесін қайта бастады, құстар қайта бастады), бірден (бірден 
таныды, бірден бірді алды), бірге ( баласы бірге келді, баласының 
жасы бірге келді), жағалай (өзенді жағалай жүрді, жағалай сыйлық 
берілді), т.б. 
Үстеулер мағыналық жағынан заттың амал-əрекеті мен 
қимылының белгісінің белгісін жəне заттың сынының белгісін 
білдіру сипатымен де ерекшеленеді. Мысалы: 
жаңа айтты, əдейі 
келді, бері жүр дегендердегі үстеулер етістіктер арқылы бейнеленіп 
тұрған қимылдың əртүрлі белгісін, атап айтқанда, мезгілін, 
мақсатын, мекенін, яғни қимылдың белгісінің белгісін білдірсе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет