394
Андрогендер мен эстрогендердің көп өндірілуі.
Бүйрекүсті безінің гормон-бельсенді
ісігінде және туа біткен
дисфункциясында андрогендер мен эстогендер өнімділігі байқалады. Ер
балаларда вирилизациялаушы ісіктің болуы, екіншілік жыныстық
белгілердің
ерте пайда болуына, ұрық безінің өзгеріссіз қалуына әкеледі,
ал қыз балаларда – клитер гипертрофиясына,
гирсутизмге және етеккір
тежелуіне әкеледі. Ер балаларда феминизациялаушы ісіктің болуы
гиникомастияға және пубертат тежелуіне, ал
қыздарда жалған ерте
жыныстық жетілуге әкеледі.
Гипоальдостеронизм.
Гипоальдостеронизм
(альдостеронның
жеткіліксіз
түзілуі)
симптомдары, гиперкалиемия және гипонатриемияның бүйрек, жүрек-
қантамыр жүйесіне және қаңқа бұлшықетіне әсерінен туындайды.
Ауруларда жылдам шаршағыштық, бұлшықет әлсіздігі,
артериялық
гипотензия, әлсін-әлсін естен тану, брадикардия, жүрек блокадасы
байқалады. Оқшауланған альдостерон түзілуінің
жетімсіздігі сирек
кездеседі, бүйрекүсті безінің шумақты аймағында ақау болғанда, бүйрек
үсті безінің біреуінде альдостерома алып тасталғанда және екіншілік
бездің шумақты аймағының екіншілік атрофиясы болады.
Жалған
гипоальдостеронизм
–
бүйрек
құбырлары
эпителий
рецепторларының
альдостеронға
сезімталдығы
төмен
болғанда
төмендейді.
Гиперальдостеронизм
Гиперальдостеронизм – альдостеронның артық секрециясынан АГ,
метаболиттік алколоз, гипокалиемияжәне натрий тежелуі туындаушы
жағдай. Басында тәуліктік диурез азаяды,
онан соң полиурия, полидипся,
никтурия, антидиуретикалық препарттарға тұрақтылық пайда болады.
Гиперальдостеронизм біріншілік және екіншілік болуы мүмкін, балаларда
сирек кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: