Оқулық «гэотар-медиа»


Баладағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет274/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Баладағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктері 
Ұйқы безінің эндокриндік тінінің көлемі туар алдында, жеті айлық 
ұрыққа қарағанда екі есе аз. Туғаннан кейін 1,5 айда ұлғайған ұйқы безінің
массасының 6%-ын алып жатады. Өмірінің бірінші жылының аяғында 
эндокриндік тіннің салыстырмалы массасын, ұйқы безі массасының 2,5-
3%-ын құрайды және осы деңгейді балалық кезеңнің аяғына дейін сақтап 
қалады. 
Инсулин 
түзілуі 
өмірінің 
алғашқы 
күндерінен 
айтарлықтай 
жоғарылайды, онан соң оның плазмадағы концентрациясы төмендейді. 
Нәрестелерде глюкоза гормон секрециясын әлсіз стимулдайды. Туғаннан 
кейін алғашқы сағаттарда глюкагон концентрациясының айтарлықтай 
жоғарлауы тән, оның перинатальді кезеңде түзілуін реттеуші – аланин. 
Соматостатин концентрациясының айтарлықтай балалық кезеңде өзгерісі 
болмайды. 
Зерттеу әдістері және зақымдалу семиотикасы 
Ұйқы безінің эндокриндік функциясын бағалау үшін, алдымен 
көмірсу алмасуын зерттейді: көмірсулармен физиологиялық жүктеме 
түсіргенде 
қандағы 
глюкозаның 
концентрациясын 
және 
оның 
динамикасын бағалайды. Өзгеріс болмағанда стандартты пероралды 
глбкозаға 
толеранттылық 
тесті 
жүргізіледі. 
Гликолтзденген 
Hb 
концентрациясы бойынша транзиторлық гипергликемия анықталады. 
Зәрде глюкоза және кетр денелерінің концентрациясы анықталады. 
Ұйқы безінің В-жасушаларының функциональдық жағдайын бағалау үшін 
қандағы С-пептид концентрациясы, қан сарысуындағы бос және 
иммунореактивті инсулин концентрациясы анықталады. Сонымен қатар 
қандағы В-жасушаларының антигеніне қарсы түзілген антиденелерді 
анықтайды. Радиоиммунологиялық әдіспен қандағы глюкагон, гастрин, 
соматостатин концентрациясы анықталады. 
Гиперинсулинизм 
Балаларда гиперинсулинизм сирек кездеседі. Балаларда дамудың ең көп 
себептері - ұйқы безінің В-жасушаларының гиперплазиясы, инсулинома 
және незидиобластоз. Транзиторлы гиперинсулинемма, ҚД бар анадан не 
жүктілік диабеті бар анадан туған балада, сондай-ақ нәрестенің 
гемолитикалық ауруында болуы мүмкін. 


397 
Гиперинсулинизмнің негізгі көрінісі - гипогликемия синдромы. 
Нәрестеде 
және 
емшектегі 
балада 
гипогликемиялық 
клиникалық 
симптомдары солбырлық, ұйқышылдық, гипотермия, әлсіз соруы, цианоз, 
апноэ, құрысвлармен беріледі. Микросомия - тұрақты не рецидивті 
гиперинсулинемияның маңызды белгісі. Ересек балаларда гипогликемия 
кезінде мазасыздық, жалпы әлсіздік, бас айналуы, аштық сезімі, 
саусақтардың дірілі, суық тер, тахикардия, жүрек тұсының ауырсынуы, көз 
қарашығының кеңеюі(адреналин секрециясының күшеюінен) пайда 
болады. Мида көмірсу жетіспеушілігінен ұйқышылдық, бас ауыруы, 
алаңғасарлық, есінен тану комаға дейін жетуі, құрысулар пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет