Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет61/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

92 
Элемент түрі 
Элемент сипаттамасы 
Иллюстрациялар 
Папула 
(түйіншек) 
Тері үстіне шығыңқы, тыртықсыз жазылатын көлемі шағын қуыссыз 
бөртпе, патологиялық өзгерістер эпидермисте немесе дерманың жоғарғы 
қабатында орналасады. 
Милиарлық папула
көлемі 1-1,5 мм:
Лентикулярлы папула
көлемі 2-3 мм: 
Буылтықтар
көлемі 1 см-ден жоғары. 
Сурет 5-5
. Папула (түйіншек) 
Төмпешік 
Тері бетіне шығыңқы және диаметрі 5-10 мм-ге жететін шектелген тығыз 
элемент. Ол дермада қабынған гранулема пайда болғанда дамиды. 
 
Сурет 5-6
. Төмпешік
Түйін 
Дерма мен май-шел қабатының терең бөліктерінде орналасатын дөңгелек 
не сопақша пішінді шектелген өзгеріс. Түйін тері үстіне шығыңқы немесе 
тері ішінде болады; шектелген бейспецификалық қабынудан
спецификалық қабыну реакциясынан не ісікті үрдістен пайда болуы 
мүмкін. Эволюция үрдісінде түйін із-түзсіз жоғалуы, ойық жараға және 
тыртыққа айналуы, тері аймағының шұңқырлануын не атрофиясын 
туындатуы мүмкін.
Сурет 5-7
. Түйін


93 
Элемент түрі 
Элемент сипаттамасы 
Иллюстрациялар 
Күлдіреуік 
(уртикария) 
Тері үстіне шығыңқы, көлемі 3-4 мм және жоғары шектелген қуыссыз 
элемент, негізінде дерманың емізікті қабатының жоғарғы бөлігінің ісінуі 
жатыр.
Уртикарлық элементтер пайда болуы жиі қышыну тудырады. Уртикарлық 
элементтерге тән қасиеті - эфемерлік (бір неше минуттан бірнеше сағатқа 
дейін). 
 
Сурет 5-8
. Күлдіреуік 
Көпіршік 
Теріден шығыңқы, дөңгелектеу шектелген қуысты элемент, эпидермис пен 
дерманың немесе эпидермис қабаттарының арасында серозды не серозды-
геморрагиялық сұйықтықтың жиналуынан пайда болады. Эволюция 
үрдісінде көпіршік құрғап, мөлдір немесе қошқыл қабыршақ түзеді немесе 
сылынып шектелген ылғалды эрозияға айналады. Жазылғанда уақытша 
гипер– не депигментацияланады немесе жойылады. Көпіршікте 
лейкоциттер жиналса іріңді бөртпеге айналады. 
Сурет 5-9
. Көпіршік
Күлдірек 
Көпіршікке ұқсас, бірақ көлемі айтарлықтай үлкен элемент (0,5 см-ден 
жоғары). Күлдірек теріден шығыңқы, шекарасы айқын, дөңгелек немесе 
сопақша пішінді, серозды, серозды-геморрагиялық не іріңді сұйықтықпен 
толтырылған. Күлдірек қабықталып, қабығы сыдырылып із-түзсіз жазылуы 
мүмкін немесе қабығы сыдырылып терінің беткей ақауы – эрозия пайда 
болуы мүмкін. 
Сурет 5-10
. Күлдірек
Іріңдік 
(пустула) 
Іріңге толған, көлемі 1-2 мм-ден 10 мм-ге дейін, айналасы қызарған қуысты 
дөңгелек элемент. Қуыс эпидермис жасушаларының өлуінен пайда болады. 
Тереңдігіне байланысты беткейлі не терең пустула болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет