111 Терінің бактериалды және вирусты аурулары (кесте 5-7).
Кесте 5-7. Балалар терісінде кейбір бактериалды және вирусты
аурулар кезіндегі көрінестер
Терінің патологиялық өзгерісі Балалардағы ерекшелігі Омфалит
Кіндік сақинасының қабынуы, қызарумен,
инфильтрацияланумен және ісінумен, жиі серозды
сұйықтық, қан немесе ірің бөлінумен білінеді; нәресте
өмірінің бірінші күндерінде пайда болады
Стафилодермия
Нәрестелерде везикулепустилез (эккринды бездер өзегінің
кіреберісінің қабынуы), псевдофурункулез (пайда болған
тері астындағы түйіндер жарылады, оның ішінен сары-
жасыл кілегей тәріздес ірің бөлінеді) және эпидемиялық
күлдіреуін (беткейлі күлдіреулер жарылғанда эрозия пайда
болады) түрінде өтеді. Стафилодермияның ең ауыр түрі – ірі,
босаң, жеңіл жарылатын көпіршіктер қалыптасуымен өтетін
эксфолиативті дерматит
Стрептодермия
Тері қатпарларында орналасатын импетиго түрінде (жұмсақ
көпіршік –фликтен – кейіннен эрозия және қабыршақ
тудырады), тілме, папула-эрозивті стрептодермия немесе
күлдіреуік түрінде көрінеді
Мерездік күлдіреуік
Дене және бет терісінде, сондай-ақ алақанда және табанда
дамуы мүмкін, бұл жерлерде стафилакоккты пиодермия
сирек дамиды. Күлдіреуік ішінен боз трепонемалар
табылады
Жанаспалы моллюск
вирусымен
инфекциялану
Теріде боз-қызғылт папулалар дамиды, көлемі 5-7 мм-ге
дейін, ортасы шұңқыр және ботқа тәріздес ақ масса
бөлінуімен, көбіне мектепке дейінгі жастағы балаларда
кездеседі
Герпестік инфекция
Балалардағы терінің вирусты аурулары ішіндегі ең жиі
кездесетіні (сурет 5-33), теріде және/немесе сілемей қабатта
ұсақ везикулезды бөртпелер пайда болуымен сипатталады
Сурет 5-33. Герпестік инфекция.
Везикулезді бөртпелер