Оқулық «гэотар-медиа»


  D. Өт жолдарының атрезиясы  E. Жедел гепатит  2. Төрт күндік дені сау нәрестені қарағанда төменгі аталғандардың



Pdf көрінісі
бет80/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

118 
D.
Өт жолдарының атрезиясы 
E.
Жедел гепатит 
2. Төрт күндік дені сау нәрестені қарағанда төменгі аталғандардың 
қайсынын байқауға болады? 
А. Терінің қабыршақтануы 
В. Тері эритемасы 
С. Терінің жамылғысынң сарғаюын 
Д. Шамадан тыс терлеуін 
Е. Кеудесінде және арқасында түгі бар 
3. Нәрестелерде тері функцияларының қайсы жетілмеген? 
А. Тыныс алу 
В. Қорғаныс 
С. Шығару 
Д. Резорбтаушы 
Е. Пигмент түзуші 
4. Терідегі геморрагиялық бөртпе балалардың қай ауруына тән? 
А. Қызылша 
В. Энтеровирусты инфекция 
С. Менингококкты инфекция 
Д. Шенляйн-Генох ауруы 
Е. Ювенильді дерматомиозит 
Дұрыс жауап:1 - В; 2 - А,В,С,Д,Е; 3 - В,С,Е; 4 - С,Д. 
5.2. ТЕРІ АСТЫ МАЙ-ШЕЛ ҚАБАТЫ 
 
Май тіні көптеген тіндерде байқалатын, басым ақ майдан және аз 
көлемдегі қошқыл майдан (үлкендерде көкірек қуысында, аорта бойында 
және жауырын аралығындағы тері астында). Қошқыл май жасушаларында 
қышқыл фосфорлану ыдырауының табиғи механизмі қызмет атқарады: 
триглицеридтер гидролизінен және май қышқылдарының метаболизімінен 
босап шығатын энергия аденозинтрифосфат синтезіне жұмсалмай, жылуға 
айналады. 
ТЕРІ АСТЫ МАЙ ШЕЛ ҚАБАТЫНЫҢ
АНАТОМДЫ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Балаларда май тіні бірқатар ерекшеліктермен сипатталады (кесте 5-
11). 


119 
Кесте 5-11.
Балалардағы май тінінің ерекшеліктері 
Сипаты 
Балалардағы ерекшеліктері 
Май тінінің 
массасы 
Жетіліп туған нәрестенің май тіні дене салмағының 16% дейін 
құрайды. Үлкендерге қарағанда 1 жасқа дейінгі баланың май-
шел қабатының массасы дене массасына қатынасы 
салыстырмалы жоғары, сондықтан олардың томпиған қалпын 
және бүгілген жерлерде қатпарлардың тереңдігін түсіндіреді. 
Жетілмей туған бала неғұрлым ерте жетілмей туса соғұрлым 
май-шел қабаты төмен болады 
Май тінінің 
таралуы 
Туғанда май қабаты бетінде (ұртында май денешіктері-Биш 
түйірі), сирақтарында, кеудесінде, арқасында жақсы дамыған, 
ішінде әлсіз дамыған. 
Тіпті жетіліп туған нәрестелерде кеуде, іш қуысында және 
ішастар арты кеңістікте май-шел қабаты жоққа таяу, сондықтан 
ішкі ағзалар оңай ығысады. 
Дененің әр аймағында май құрамының әртүрлі болуы олардың 
пайда болу және жойылу заңдылығын түсіндіреді: алдымен май 
бетте жиналады, кейін сирақтарда, ең соңында іште, ал 
жойылуы кері бағытта 
Май тіні 
құрылысы 
Нәрестелерде және сәбилерде май жасушалары ұсақ және ірі 
ядролы. Өсе келе май жасушаларының көлемі ұлғаяды, ал 
олардың ядролары кішірейеді 
Май 
консистенциясы 
Нәрестелерде және өмірінің алғашқы айларындағы балалардың 
май консистенциясы тығыздау, ал еру температурасы үлкен 
балаларға қарағанда жоғарырақ, ол май құрамының 
ерекшелігіне байланысты – құрамында пальмитин және стеарин 
май қышқылдары бар қиын еритін майлар көп 
Қошқыл май 
болуы 
Ерте жастағы балаларда май тінінің маңызды ерекшелігі –
қошқыл майдың жиналуы, нәрестеде оның массасы дене 
массасының 1-3%-ын құрайды. Қошқыл май арты мойын және 
қолтық асты аймақтарда, қалқанша және айырша бездер 
айналасында, бүйректер айналасында, жауырын арасында, 
трапеция тәріздес және дельта тәріздес бұлшық ет аймағында 
және магистральды тамырлар айналасында орналасқан. 
Нәрестеде жылутүзетін және жылуды сақтайтын қошқыл май 
болуы табиғи қорғаныс механизміне жатады. Жетіліп туған 
нәрестенің қошқыл май қоры баланы 1-2 күн бойы тоңудан 
қорғауы мүмкін.
Ашыққанда балада әуелі ақ май, кейін қошқыл май жойылады. 
Бала өмірінің алғашқы жылында қошқыл май мөлшері 
айтарлықтай азаяды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет