403
Гипогонадизм
Гипогонадизм біріншілікке (гипергонадотропты) , жыныстық бездің
тікелей
жарақатынан
туындаушы,
және
екіншілі(гипогонатропты),
гипофиздің не гипоталамустың гонадотроптық функциясының әлсіздігінен
туындаушы болып бөлінеді. Гипогонадизм туа бітуі не жүре пайдда болуы
мүмкін.
Гинекомастия
Гинекомастия (ер балаларда сүт безінің ұлғаюы) әр түрлі ауруларда
пайда болу мүмкін. Жасөспірімдік (физиологиялық) гинекомастия дені сау
ер балаларда жыныстық жетілу кезінде жиі байқалады, 1-2 жылдан соң
өздігінен кері қайтады. Патологиялық гинекомастия адрогендер синтезінің,
секрециясының не әрекетінің бұзылысынан, аталық бездің не бүйрекүсті
безінің эстроген өндіруші ісігінде, эстрогендер синтезінің артық болуынан,
гиперпролактинемида,
дәрілік
препараттар
(гонадотропин,
антиандрогендер, эстрогендер,т.б.) қолданғанда туындайды.
Жыныстық ерте дамуы
Жыныстық ерте дамуы – қыздарда 8 жасқа дейін дамуы, ер балаларда
9 жасқа дейін дамуы(12-7 сурет).
Айқын ерте жыныстық жетілуі, гонадолардың әрекетін стимулдаушы
гонадотропиндердің артық секрециясын тудыратын гипоталамус не
гипофиздің ерте патологиялық белсенділігімен байланысты. Мұндай
жағдай антенатальждық және интранатальды орталық нерв жүйесінің
зақымдалуында, бас іші қысымының жоғарылығында, ОЖЖ ісігінде
органикалық церебралдық патологияда дамиды.
Жалған ерте жыныстық жетілу, гонадотроптыстимуляцияға тәуелсіз,
жыныстық гормондардың секрециясының жоғарлауынан туындайды. Ер
балаларда аталық бездің, қыздарда аналық бездің гормонөндіруші
ісіктерінде, гормонөндіруші бүйрекүсті безінің ісігінде, ятрогенді
себептерде пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: