Оқулық «гэотар-медиа»


Антропометриялық көрсеткіштерді бағалау



Pdf көрінісі
бет31/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Антропометриялық көрсеткіштерді бағалау 
Антропометриялық көрсеткіштердің бағалауын жүргізуге болады: 
-
параметриялық (сигналды) әдіспен; 
-
параметриялық емес (центилді) әдіспен; 
-
регрессиялық талдау әдіспен; 
-
дене салмағының индексін есептеу көмегімен (ДСИ). 
Параметриялық әдіс 
Берілген әдіс орта арифметикалық көрсеткіштерді (М) және олардың 
орта квадраттық ауытқуларының (
ϭ
) жастық-жыныстық топқа сәйкестігіне 
негізделген. Келесі бағалау категориялары бар. 

І – орташа (М±
ϭ


ІІ – ортадан төмен (М - 1
ϭ
дан М - 2
ϭ
-ға дейін)

ІІІ – төмен (М-2u дан М-3
ϭ
-ға дейін)

IV – ортадан жоғары(М-1
ϭ
дан М-2
ϭ
-ға дейін)

V – жоғарғы деңгей (М+2
ϭ
дан М+3
ϭ
-ға дейін) 

VI – өте жоғары/төмен көлем (ауытқу 3
ϭ
жоғары/төмен). 
Дәрігер тұжырым жасағанда, даму белгілері деңгейінен басқа, 
сигнальдық ауытқулар айырмашылығы 1
ϭ
дан жоғары болмағанда, 
үйлесімділігі анықталады. Параметриялық әдіс өсу бұзылыстарының 
диагностикасына жиі қолданылады. 
Параметриялық емес әдіс


Бұл әдіс центиль типті арнайы кестелерді қолдануға негізделген. 
Кесте бойынша бала көрсеткіштері (бойы, дене массасы, кеуде шеңбері) 
қай аралыққа түсетінін анықтау қажет
(Қосымша, 3-9-3-12 кесте).
Бойы, дене салмағы (жасы бойынша) және кеуде шеңбері 
көрсеткіштерін бағаланған соң центильдік шкала бойынша қалыпты 
дәліздерінің максималды айырмашылықтар арқылы баланың физикалық 
дамуының үйлесімділігі анықталады. 
Қорытынды: 
0-2
– дамуы үйлесімді; 
3 – даму үйлесімсіз; 
4-7 – даму тым үйлесімсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет