Дене температурасының өзгерісі
Температураның жалпы жоғарлауы (гипертермия) қызбаға тән;
жергілікті жоғарлауы – терінің, тері асты май-шел қабатының,
бұлшықеттердің және буындардың жедел қабыну жарақатына тән.
110
Температураның
жалпы
төмендеуі
(гипотермия)
тоңғанда,
қанайналым жетіспеушілігінде, жедел тамырлық жетіспеушілігінде,
гипотиреозда пайда болады, ал жергілікті төмендеуі – қан тамырларының
спазмында (вегетативті дистония синдромында, Рейно ауруында).
Тері серпімділігінің бұзылысы
Тері серпімділігінің төмендеуі организмнің жедел сусыздануында
(үздіксіз құсқанда, диареяда және т.б), дистрофияның айқын дәрежесінде,
ұзаққа созылған ауыр инфекцияларда, кейбір тері ауруларында (мысалы,
склеродермияда), гипотиреозда пайда болады.
БАЛАЛЫҚ ЖАСТАҒЫ
ТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ АУРУЛАРЫ
Нәрестелерде және өмірінің алғашқы жылындағы балалардың
терісінің анатомды-физиологиялық ерекшелігіне байланысты әртүрлі
аурулар жиі везикулярлы және буллезды элементтер пайда болуымен
өтеді.
Терінің дистрофиялық аурулары
Терінің тұқымқуалаушы дистрофиялық аурулары алдыңғы қатарға туа
біткен буллезды эпидермиолиздың әртүрлі түрлерінен тұрады, сәл
жарақаттың өзінде эпидермистің дермадан ажырауы себебінен теріде
көлемді күлдір бөртпелер пайда болады, кейіннен бөртпе ішіндегі
сұйықтық екіншілік инфекциялануға ұшырайды. Қарапайым туа біткен
эпидермиолиз негізінде VIII типті коллаген генінің мутациясы жатады, бұл
жағдайда ақаулы коллаген эпидермисты дерманың емізікті қабатымен
тиімді бекітуіне қабілетсіз.
Тұқымқуалаушы дистрофия тобына акродерматит жатады, оның
негізінде мырыш шығарылуының күрт бұзылысы. Ауру баланың алғашқы
жасында алақанда, табанда, бөкседе, шап аймағында, барлық табиғи
тесіктер айналасында гиперемия ошақтары, күлдір бөртпелер және
көпіршіктер пайда болуымен білінеді. Бір уақытта шаш, тырнақ өсуі
бұзылады, ішек бұзылыстары, қызба және арықтық пайда болады.
Буллезды эпидермиолиздың жүре пайда болған түрі – VII типті
коллагенге аутоантиденелер пайда болатын аутоиммундық ауру.
|