Сурет 5-42.
Паратрофия (Балалар
аурулары клиникасының
мұрағатынан фото)
Сурет 5-41.
Иценко-Кушинг синдромы
126
ЛИПОМАТОЗ
Липоматоз – зат алмасуының бұзылысынан туындайтын, диффузды
немесе май тінінің ісіктәріздес түріндегі майдың көптеп түзілуі.
Липоматоз, мысалы: Маделунг синдромы (мойындық залалсыз жанұялық
липоматоз), Деркум аурулары (жүйке-психикалық бұзылыстармен, ошақты
гиперпигментациямен, эозинофилиямен, тырнақ және шаш өзгерістерімен
қосарланатын көптеген ауырсынатын липомалар) және т.б. кезінде
байқалады.
ЛИПОДИСТРОФИЯ (ЛИПОАТРОФИЯ)
Толық тері асты май қабатының
болмауы
туа
біткен
жалпы
липодистрофия
кезінде байқалады, бұл
жағдайда инсулиндік рецепторлардың
сезімталдығы бұзылуынан адипоциттер
майды
жинамауына
алып
келеді.
Парциальді липодистрофия
(май белгілі
бір
аймақтарда
болмайды)
жеке
қаралады. Бар-Ракер-Симонс ауруында
теріасты май тінінің атрофиясы дененің
тек жоғарғы бөлігінде (бетінде, кеуде
торында және қолында) болады. Жұмсақ
тіннің, сонымен қатар тері асты май шел қабатының ошақты атрофиясын
ювенильді склеродермияда байқалуы мүмкін (сурет 5-44).
Тері асты шел май қабатынының жұқару аймақтары қантты диабетпен
ауыратын науқастардың инсулин жиі егелетін орындарында болады.
ТЫҒЫЗДАЛУ
Тері асты май қабатының тығыздалуы шағын аймақта немесе
жайылған түрде болуы мүмкін (мысалы, нәрестенің тері асты
адипозонекрозында). Тығыздалумен қатар тері асты май қабатының ісінуі
болуы мүмкін.
Сурет 5-44.
Ювенильді
склеродермия. Тері мен тері асты
шел май қабатының атрофия
ошақтары
|