Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
54
мемлекеттік басқару функцияларын тиімді іске асыруды
қамтамасыз ету;
әлеуметтік секторды дамыту;
базалық инфрақұрылымды дамыту;
аграрлық секторды дамытуға жәрдемдесу;
Астана қаласын дамыту болып табылады.
Сондай-ақ шағын бизнес субъектілеріне несие беру мүмкін-
діктерін ұлғайтуға және инновациялық жүйені дамытуға ықпал
ететін даму институттары қосымша капиталдандырылады.
Мемлекеттің инвестициялық саясатында кедергінің жоқты-
ғынан шетел инвесторларының – Қазақстанның тек шикізат
саласына ғана емес ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі,
туризм, телекоммуникация, тау-кен саласы және білім, меди-
цина салаларына да инвестиция салуларына мүмкіндіктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: