Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
26
Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын
саласына байланысты қатынастарға «Инвестициялар туралы»
заңының ережелері ҚР-ның осындай заңдарына қайшы
келмейтін бөлігінде қолданылды. Егер ҚР бекіткен халықаралық
шартта осы зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықара-
лық шарттың ережелері қолданылды.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі негізінде ҚР-
ның заң актілерінде инвестициялық қызметте шектелетін немесе
оған тыйым салынатын қызмет түрлері мен аумақтары белгі-
ленген. Сонымен қатар, бұл заңда инвестиция, инвестициялық
қызмет, инвестор, инвестициялық преференция ұғымдарына
анықтама берілген.
Достарыңызбен бөлісу: