Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
70
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ төлемдерді негізгі әлемдік валю-
таларда жүргізеді және шоттарға түсетін ақшалай қаражаттар
туралы ақпаратты шынайы уақыт режимінде алады. Банк
корреспонденттік қарым-қатынастар белгілеген және әлемдік
клирингтік банктерде JPMORGANCHASE BANK (США), ING
BANK AG (Голландия) және т.б. корреспонденттік шоттары
бар. Сонымен қатар, SWIFT (Sosiety for Worldwide Interbank
Financial Telecommunication) қатысушысы болып табылады, бұл
әлемнің кез келген еліндегі банктермен тез және құпия, жабық
түрде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсуін қамтамасыз
ету және Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру үшін
халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға
көп көңіл бөледі. Банктің іскерлік байланыстарын кеңейту тек
ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасуға ғана емес,
сонымен қатар экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндет-
терді тез арада шешу мақсатында елге шетелдік инвесторларды
тартуға мүмкіндік береді.
Банк құрылған сәттен бастап Дүниежүзілік банк, HSBC,
Merrill Lynch, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Bank of
Tokyo Mitsubishi UFJ және т.б. ұйымдармен бірқатар
меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.
Достарыңызбен бөлісу: