Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 6 Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет16/43
Дата14.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#101180
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Байланысты:
Инвестиция негіздері

 
 
 
 
3.2 
Мемлекеттің инвестициялық 
саясатты жүзеге асыру
бағыттары 
 
 
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағыт-
талған инвестициялық саясатты жүргізу инвестициялық бағдар-
ламаларға сәйкес; мемлекеттік инвестицияларды, бюджеттік 
қаржы бөлулерді және бюджеттен тыс қорды тікелей басқаруда; 
сараланған проценттік мөлшерлемелер мен жеңілдіктерді енгі-
зуде; экономиканың нақты жағдайына қатысты өлшенген қар-
жылық баға (мемлекеттік секторда), сонымен қатар несие 
саясатын жүргізуде; инвестициялық жобаларды тиісінше сарап-
тау жағдайларында жүзеге асырылады. 
Мемлекетаралық масштабтағы құрылымдық-инвестициялық 
саясаттың басты бағыттары: 
 экономиканың мемлекетаралық интеграциясы (Еуразия-
лық одақ); 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
52 
 
 инвестициялық саясатты жасау және жүзеге асырудағы 
ынтымақтастықты ұйымдастыру; 
 шаруашылықтың нарықтық жағдайында келісілген өзара 
байланысты құрылымдық-инвестициялық саясатты қай-
та құру; 
 тәуекелдерден инвесторларды қорғау (кепілдемелер, 
сақтандыру және т.б.). 
Инвестициялық саясатты жүргізудің алғышарты ретінде 1997 
жылы 28 ақпанда «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік 
қолдау туралы» ҚР-ның заңы қабылданды. Бұл заң мемлекеттегі 
тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау үдерісіндегі пайда 
болатын қатынастарды реттеді. Сонымен қатар, шетел инвес-
торларының құқығын және ҚР-ның аумағында инвестициялық 
қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітті. Тіке-
лей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың құрылымын 
келесідей қарастыруға болады: 
 инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заңдық 
кепілдіктері; 
 инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты 
белгілі бір жеңілдіктер немесе артықшылықтар жүйесі-
нің болуы; 
 инвесторлардың мүддесін қорғайтын арнайы мемлекет-
тік органның болуы; 
 ҚР Үкіметінің халықаралық ұйымдармен бекіткен келі-
сімдері және белгілі бір нормативтік-құқықтық актілері 
негізінде саяси тәуекелдерді жабу кепілдігін беруі. 
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау экономиканың 
басыңқы секторында жүзеге асырылды. Экономиканың басыңқы 
секторларын ҚР-ның Президенті бекітеді. Осыған сәйкес 1998 
жылдың 5 сәуір айында тікелей «Отандық және шетел инвес-
тицияларын тарту үшін ҚР-ның экономикасының басыңқы сек-
торларының тізімін бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығы 
шыққан.
Жарлықтағы басыңқы секторларға жататындар: 
 өндірістік инфрақұрылым; 
 өңдеуші кәсіпорын, 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
53 
 
 ірі қалаларға құрылыс объектілері; 
 үй ғимараттары; 
 әлеуметтік орындар мен туризм объектілері; 
 ауыл шаруашылығы. 
Инвестициялық үдерістегі мемлекеттің рөлі орталықтанды-
рылған және орталықтандырылмаған салымдардың мемлекеттік 
саясатын жүзеге асырады. Сондай-ақ, мемлекеттің функциясы 
икемді экономикалық саясатты жүргізу, нарықта қаражаттардың 
қозғалысын реттеу, мемлекеттік бағалы қағаздардың проценттік 
мөлшерлемесін басқару жолымен инвестициялық үдерісті рет-
теу болып табылады. 
Тiкелей отандық және шетелдiк инвестицияларды экономи-
каның басыңқы секторларына тартуды ынталандыру, мемлекет-
тік инвестицияларды пайдалануды оңтайландыру және оның 
тиiмдiлiгін арттыру мен iшкi жинақтарды жұмылдыру саясаты 
жалғаса береді береді. Елдің инвестициялық тартымдылығын 
арттыру және инвестициялық жағдайды жақсарту үшін қолда-
ныстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша 
жұмыстар жүргізілуде. 
Басыңқы өндірістердің инвестициялық тартымдылығын арт-
тыру шеңберінде мемлекет: 
 миноритарлық акционерлердiң құқықтарын қорғауды 
күшейтуге; 
 кәсiпорынды тiркеудiң жеңiлдетілген жүйесiн енгізуге; 
 қызмет түрлерiн лицензиялаудың ашық жүйесiн құруға; 
 кәсіпорындардың халықаралық қаржылық есептiлік 
стандарттарына көшуiн жеделдетуге; 
 ұлттық инновациялық жүйені – экономикалық дамуды 
басқарудың жаңа жүйесін дамыту бойынша жұмыстарды 
жалғастыруға; 
 мемлекеттік даму институттарының жұмысын үйлестіру 
бойынша іс-әрекетті жандандыруға, олардың қызметінің 
ашықтығын арттыруға бағытталған шараларды одан әрі 
қабылдайтын болады. 
Қазіргі уақытта бюджеттік инвестициялардың қосымша ба-
сыңқы секторлары: 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 
54 
 
 мемлекеттік басқару функцияларын тиімді іске асыруды 
қамтамасыз ету;
 әлеуметтік секторды дамыту;
 базалық инфрақұрылымды дамыту;
 аграрлық секторды дамытуға жәрдемдесу;
 Астана қаласын дамыту болып табылады.
Сондай-ақ шағын бизнес субъектілеріне несие беру мүмкін-
діктерін ұлғайтуға және инновациялық жүйені дамытуға ықпал 
ететін даму институттары қосымша капиталдандырылады.
Мемлекеттің инвестициялық саясатында кедергінің жоқты-
ғынан шетел инвесторларының – Қазақстанның тек шикізат 
саласына ғана емес ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, 
туризм, телекоммуникация, тау-кен саласы және білім, меди-
цина салаларына да инвестиция салуларына мүмкіндіктері бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет