Нарықтық портфель (market portfelio) – әрбір бағалы қағаз-
дың үлесі оның жалпы нарық капитализациясындағы
үлесіне пропорционалды болатын портфель
Номиналды проценттік мөлшерлеме (nominal interest rate) – номиналды ақшалай көріністегі проценттік мөлшер-
леме
Номиналдық құн (par valume) – облигация ұстаушысына оны
өтегенде төленетін сома
Облигация – бұл оның ұстаушысының облигацияны шығарған
тұлғадан оның номиналды немесе басқа мүліктік экви-
валентінің белгіленген мерзімінде алуға құқықтарын
растайтын бағалы қағаз. Облигация оның ұстаушысына
облигацияның номиналды құнының процентында
тіркелген немесе басқа мүліктік құқықтарды алуға
құқық береді
Овердрафт – бұл клиент шотындағы жетіспеген ақша-қара-
жаттарды уақытша жабу мақсатында, шекті сомасын
белгілемей, қосымша несие келісім-шарттарына отыру-
ды қарастырмайтын банктік несие түрі
Өтімділік (liquidity) – сол немесе басқа активтің ақшаға айнал-
уының жылдамдығы мен жеңілдігін білдіреді
Пайда алу үшін қолданылатын своп (pure yield pickup swap) – табысы жоғары және өтеу мерзімі ұзақ облигацияға
өту
Пайда мен шығындар туралы есеп (income statement) – нақты
уақыт аралығында кәсіпорынның табыстары мен
шығындары туралы мәліметтерді көрсететін құжат
Пассивті инвестициялық стратегия (passive strategy) – жүзе-
ге асырғанда бағалы қағаздардың талдауын қарастыр-
майтын инвестициялық саясат
Пассивті инвестициялық стратегия, портфельді пассивті басқару (passive management) – дұрыс бағаланбаған
қаржы активтерін сатып алмау мақсатымен әртараптан-
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
98
ған (әртараптандырылған) бағалы қағаздар портфелін
сатып алу және иемдену