Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Қолдың еркін бөлігінің сүйектері



Pdf көрінісі
бет13/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   208
 
Қолдың еркін бөлігінің сүйектері 
 
Қолдың еркін бөлігінің сүйектері (skeleton membri superioris liberi) тоқпан 
жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол басы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік 
(humerus) – ұзын жілік сүйек, оның жоғарғы ұшы - жауырынның буындық ойысымен 
қосылатын шар тәрізді басы (проксималды эпифиз) (caput humeri), ол төменінде 
жіңішке дөңгелек жүлге – анатомиялық мойынмен (collum anatomicum) шектелген. 
Мойынның алдыңғы-бүйір жағында өздеріне сәйкес қырларға жалғасатын үлкен және 
кіші төмпешіктер (tuberculum majus et minus) орналасқан. Бұлшықеттер бекитін орын 
болып табылатын төмпешіктер арасында иықтың екі басты бұлшықетінің ұзын 
басының сіңірі бекитін төмпешікаралық жүлге түзіледі. Төмпешіктерден төмен 
жіңішкерген бөлігін – хирургиялық мойын (collum cyirurgicum) деп атайды (иықтың 
жиі сынатын орны). Сүйектің жоғарғы және төменгі бөліктерінің аралығының 
сыртында жақсы айқындалған бойлық бағыттағы, аттас бұлшықет бекитін дельта 
тәрізді бұдырмақ байқалады. Ал одан біршама төмен және артында қиғаш жоғарыдан 
төмен, іштен сыртқы қарай бағытталған, көп байқалмайтын кәрі жілік нерві жүлгесі 
орналасқан. Тоқпан жіліктің дисталды эпифизі айдаршық (condilus humeri) – білек 
сүйектерімен қосылуға арналған екі бөлікке бөлінген: медиалды шығыршық (trohlea 
humeri) және латералды орналасқан айдаршық басы (capitulum humeri). Олардың 
әрқайсының үстінде айдаршықүстілер (epicondylus) орналасқан. Шығыршық үстінде 
медиалды айдаршықүсті (epicondylus medialis), ал айдаршық басы үстінде латералды 
айдаршықүсті (epicondylus lateralis). Төменгі эпифиз артында терең шынтақ жіліктік 
шұңқыр (fossa olecrani), ал алдында латералды кәрі жіліктік шұңқыр (fossa radialis) пен 
медиалды тәждік шұңқыр (fossa coronoidea) жатады. Адам тоқпан жілігіне тән 
ерекшелік, оның диафизінің 150-160°-қа бұралуы, осы жағдайда тоқпан жілік басы ішке 
бұрылса, ал дисталдық эпифизі сыртқа қарай бағытталған. Бұл адамның вертикалды 
қалпында жауырынның орналасу жағдайына бейімделуі болып табылады.


22 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет