Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет157/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Таламусасты аймағы (г
ипоталамус
)
,
 
hypothalamus
,
қызметтік мәні әртүрлі және 
эмбриондық шығу тегі бірдей емес құрылымдарды біріктіреді. Оған жұп емізіктәрізді 
денелер, сұр төмпе, құйғыш, гипофиз, көру жолы мен оның қиылысы жатады. 
Емізіктәрізді
дене
,
corpus mamillare
,
– артқы тесіктелген зат пен сұр төмпенің 
арасында орналасатын, жартылай шартәрізді жұп құрылым. Емізіктәрізді денелер мидың 
ақ затының қабатымен жабылған, ішінде иіс сезудің қыртысасты
лық
орталығы болып 
табылатын ядро орналасады. 
Сұр
төмпе,
tuber cinereum
,
– ортада орналасатын тақ құрылым. Алдынан 
сhiasma 
opticum
және
артынан емізіктәрізді денелер арасында жатады. 
Төменгі жағында
қабырғасы жұқа, қуысты құрылым 
құйғышқа
,
infundibulum
,
жалғасады. 
Құйғыш 
жіңішкеріп барып гипофизге, hypophysis, жалғасады. Гипофиз қызметі бойынша 
эндокриндік жүйеге жатады. 
Сұр төмпе қуысы жоғар
ғы жағынан
таламусаралық 
саңылаумен байланысып, екеуі бірге үшінші қарынша қуысын түзеді. Сұр төмпенің 
алды
нда 
көру қиылысы

chiasma opticum, 
орналасады. Оның алдыңғы және жоғарғы 
жағында фронтальды бағытта орналасып, сүйелді дененің құстұмсығына жалғасатын 
жұқа, 
шекаралық
 табақша
,
lamina terminalis
, өтеді. Көру қиылысы, 
көру жолына

tractus 
opticus, 
жалғасады.
Шекаралық 
табақшаға артынан – 
алдыңғы дәнекер

comissura anterior,
жана
сып жатады

Гипоталамуста вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық 
бөліктерінің қызметтерін реттейтін орталықтар - ядролар түрінде орналасады. Бұдан басқа 
ядролар үлкен ми қыртысы 
мен
жұлын
ды бір-бірімен байланыстырып тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет