137
мен төс тұтқасының артқы беттерінен басталып, тіласты сүйегіне дейін барады, тіласты
сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттерді жауып жатады.
3)
Мойынның меншікті шандырының омыртқаалды табақшасы,
lamina prevertebralis
f.cervicalis propria, бассүйек негізінен басталып, ІІІ кеуде омыртқасының денесіне дейін
барады; латералді жағында ол мойын омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекитін
де, мойынның терең бұлшықеттеріне сүйекті-талшықты құндақ түзеді.
Тіластыүсті бөлігінің 2 табақшасы бар:
1)
Беткей табақшасы беткей шандырдың астында орналасады;
бас аймағында ол
f.parotidae et masseterica-ға ауысады;
2)
Терең табақшасы жақ-тіласты бұлшықеттерінің төменгі бетін жабады;
бас аймағында
ол f.buccopharyngea-ға ауысады; бұл табақшалардың арасында қос қарыншалы
бұлшықет, жақасты сілекей безі орналасады.
3)
Мойынішілік шандыр, f.endocervicalis: париеталді табақшасы,
lamina parietalis
f.endocervicalis, мойын қуысын ішкі жағынан астарлайды да, мойынның тамыр-нервтік
шоғырына талшықты құндақ түзеді; висцералді табақшасы,
lamina visceralis
f.endocervicalis, - мойын ағзаларының әрқайсысын (жұтқынщақ, өңеш, көмей, кеңірдек,
қалқанша безі) бөлек қаптайды.
Достарыңызбен бөлісу: