Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет103/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

бірінші
– жұтқыншақтың 
өңешке өтетін тұсында
екінші
– сол басты бронхпен қиылысатын тұсында, 
үшінші
– 
өңештің көкет арқылы өтетін жерінде. 
Өңеш қабырғалары төрт негізгі қабықтардан құралған: 


178 
Шырышты қабық (tunica mucosa), шырышасты негізі (tela submucosa) бұлшықеттік қабық 
(tunica muscularis), сірлі қабық (tunica seposa) 
Шырышты қабығы қалың және жақсы жетілген, бұлшықеттік негізі бар, ішінде және 
шырышасты негізінде дараланған лимфатәрізді түйіншелермен шырышты бездер бар. 
Бұлшықеттік қабық ішкі дөңгелек және сыртқы бойлық қабаттардан тұрады. Өңештің 
жоғарғы бөлігі көлденең-жолақ бұлшықет түрінде болса, ортаңғы бөлігі біріңғай салалы 
бұлшықеттен тұрады. Бұлшықеттік қабық сыртынан дәнекертіндік қабықпен жабылған. 
Қанмен қамтамасыздануы, төменгі қалқанша артериясының, қолқаның кеуделік бөлігінің 
тармақтарымен және сол асқазандық артериямен. 
Веналық ағым, аттас веналарға құяды. Лимфа ағымы, мойындырық, артқы омыртқаалды, 
сол асқазандық және көкірекаралық лимфа түйіндеріне 
Нервтенуі, өңештік нервтік өрімнен. 
АСҚАЗАН 
Асқазан (ventriculus) өңешпен он екі елі ішектің арасында, іш қуысының сол жоғарғы 
бөлігінде орналасқан қапшық тәрізді ағза. Асқазан, оның толтырылу шамасына және 
бұлшықетінің күйіне байланысты әртүрлі пішінде және көлемде болады. Асқазанның 
пішіні адамның ересектенуіне байланысты өне бойы өзгерісте болады. Асқазанның үш 
түрін ажыратады: мүйіз тәрізді, шұлық тәрізді және ілмек тәрізді. Соңғысы өте жиі 
кездеседі. Асқазанның сол бөлігі көкет астында, оң бөлігі бауыр астында орналасады, 
кішкентай бөлігі тікелей іш қуысының алдыңғы қабырғасымен жанасады. Асқазанның көп 
бөлігі сол жақ қабырға астында, аз бөлігі құрсақ үсті аймағында жайғасқан. Жүректік 
тесік (кардиалық) Х-кеуде омыртқасының сол жағында, ал қақпа тесігі ХІІ-кеуде немесе І-
бел омыртқалары денесінің оң жағында орналасқан. Асқазанның шығатын және кіретін 
тесіктерінің аз қозғалуынан, ішастармен байламдар арқылы бекітілгендіктен көп 
қозғалмайтын ағза. Ішастарлық байламдар аппаратынан басқа, асқазанның бауырмен, 
көкбауырмен және жиекті ішекпен байланыстары бар. Асқазанда асқорыту ферменттеріне 
бай асқазан сөлін, тұз қышқылын және басқада физиологиялық белсенді заттар бөліп 
шығаратын бездер бар. Асқазанның шырышты қабығы В
12
-витаминді сіңіруге қажет Касла 
факторын өндіреді, ал В
12
-витамині өз ретінде қалыпты қан жасауға керек. 
Асқазанда ажыратады: түбі (fundus ventriculi), денесі (corpus ventriculi), жүректік 
(кардиалық) (pars cardiaca) және қақпалық (pars pуlorica) бөліктері, алдыңғы (paries 


179 
anterior) және артқы (paries posterior) қабырғалары, үлкен иіні (curvatura ventriculi major) 
және кіші иіні (curvatura ventriculi minor). Өңеш асқазанға кадиальдық тесік арқылы 
ашылады. Асқазанның өңеш кіретін айналасының аймағын кардиальдық бөлік деп атайды. 
Оның сол жағында күмбез тәрізді шығыңқы асқазан түбі жатыр. Асқазанның кіші иінінде 
бұрыштық тілік (incisura angularis) бар. Қақпалық бөлік, асқазанның оң жағы тар түзіліс. 
Қақпалық бөлікте, қақпалық үңгірді (antrum pyloricum) және қақпа өзегін (canalis 
pyloricum) ажыратады. Қақпа өзегі он екі елі ішекке жалғасады, араларының шекарасы – 
дөңгелек жүлге. Түбі, кардиальдық және пилорикалық бөліктер асқазанның денесін түзеді. 
Асқазанның кіші иініне бауыр-асқазан байламы (lg.hepatogastricum) бекісе, үлкен иінінен 
асқазан-көкбауыр (lg.gastro-lienale) және асқазан-жиек байламдары (gastro-colicum) 
басталады. 
Асқазан қабырғасының құрылысы 
Асқазанның шырышты, бұлшықеттік және сірлі қабықтардан құралған төрт қабырғасы 
бар. Шырышты қабық (tunica mucosa) – қалыңдығы 0,5 мм-ге дейін жетеді, бір қабатты 
цилиндр тәрізді эпителиймен жабылған. Шырышты қабық ішімен артериялық, веналық 
тамырлар өтеді, аздап лимфатәрізді тіннің шоғырлары бар. Шырышасты негіздің және 
жақсы жетілген бұлшықеттік табақшаның болуы арқасында шырышты қабық сансыз көп 
қатпарлар түзеді. Асқазанның түбі мен денесінде қиғаш, көлденең және бойлық қатпарлар 
орналасса, кіші иіні аймағында тек қана бойлық қатпарлар. Асқазанның он екі елі ішекке 
өтетін жерінде, қақпа қысқышы жиырылғанда асқазан қуысын ащы (жіңішке) ішектің 
бастапқы бөлігінен толығымен оқшаулайтын қақпа қақпағы (valvula pylorica) бар.
Асқазанның шырышты қабығының бетінде асқазан сөлін бөліп шығаратын тесігі бар 
шұңқыршалармен (foveolae gastricae) үстінде орналасқан асқазан алаңшалары (area 
gastricae) бар. Бұлшықеттік қабық (tunica muscularis) үш негізгі қабаттан құралған: 
ортаңғы дөңгелек, ішкі қиғаш талшықтар және сыртқы бойлық. Сыртқы бұлшықеттік 
қабаты өңештің бойлық бұлшықетінің (stratum longitudinale) жалғасы болып табылады, 
негізінде асқазанның кіші және үлкен иіндерінің айналасында орналасады. Қақпалық 
бөлікте дөңгелек бұлшықет қабаты (stratum circulare) бойлыққа қарағанда басымрақ 
жетілген және шығатын тесік айналасында қақпа қысқышын (spincter pylori) түзеді. 
Бұлшықеттік қабықтың үшінші қабаты, қиғаш талшықтар – тек қана асқазанда болады, 
демеуші қызметін атқарады.
Сыртқы сірлі қабық (tunica seposa), сірлі асты негізінде орналасып асқазанды барлық 
жағынан жауып жатыр. Асқазанның ішастарға қатынасы – интраперитонеальді. Қанмен 


180 
қамтамасыздануы: оң және сол асқазандық артериялар, оң және сол асқазан-шарбылық 
артериялар. 
Веналық ағым: аттас веналар арқылы. 
Лимфа ағымы: оң және сол асқазандық оң және сол асқазан-шарбылық лимфа түйіндері, 
кардиалық лимфа сақинасы. 
Нервтенуі: асқазан өрімі. 
АЩЫ (ЖІҢІШКЕ) ІШЕК 
Ащы (жіңішке) ішек (intestinum tenuе ) – асқазаннан соң келесі ағза; тоқ (жуан) ішекке 
өтер жеріндегі мықын-соқыр ішек тесігімен бітеді. Ащы ішек асқорыту жүйесінің ең ұзын 
бөлігі. Ол үш бөліктен тұрады: он екі елі ішек, ащы (жіңішке) ішек және мықын ішек. 
Ащы және мықын ішектері іш қуысының төменгі бөлігінің бәрін дерлік алып жатыр. Ащы 
ішекте ас әуелі ішектің ұйқы безінің сөлдері, бауыр өтінің әсерәнен ыдырайды, әрі қарай 
астың негізгі құрамдарының сіңірілуі жүзеге асады. 
Он екі елі ішек (duodenum) – ұзындығы 20 см-ге жететін ащы ішектің алғашқы бөлігі. 
Асқазанның қақпасынан басталып ұйқы безінің басын қоршайды. Он екі елі ішектің төрт 
бөлігін айырады: жоғарғы, төмендеген, горизонтальды және жоғарылаған.
Жоғарғы бөлік (pars superior) – ХІІ-кеуде немесе І-бел омыртқасы тұсында асқазанның 
қақпасынан басталып, жоғарғы иін (flexura duodeni superior) арқылы төмендеген бөлігіне 
өтеді. Осы аймақтың ұзындығы 4 см. шамасында.
Төмендеген бөлік (pars descendens) – І-бел омыртқасы тұсында басталып, омыртқа 
бағанасының оң жағымен төмен түсіп, ІІІ-бел омыртқасы тұсында солға бұрылады да 
төменгі иін (flexura duodeni inferior) түзеді. Төмендеген бөліктің артында оң бүйрек, 
алдында бауыр орналасқан, бүйректің сол жағынан жалпы өт түтігі өтеді. 
Горизонтальды бөлік (pars horizontalis) – он екі елі ішектің төменгі иінінен басталып ІІІ-
бел омыртқасы тұсында горизонтальді орналасады. Арты төменгі қуыс венамен жанасады. 
Жоғарылаған бөлік (pars ascendens) – ІІ-бел омыртқасы тұсында басталып он екі елі - аш 
ішек иінімен (flexura duodeno - jejunalis) аяқталады. Әрі қарай аш ішекке жалғасады. Он 
екі елі ішекті іліп тұратын бұлшықет (m.suspensoris duodeni) осы иінді көкетке бекітеді. 


181 
Жоғарылаған бөліктің артында қолқаның іштік бөлігі орналасқан және жанынан ащы 
ішектің шажырқайына кіретін шажырқайлық артериялар мен веналар өтеді. 
Он екі елі ішектің тек кеңейген жерінен (ampulla) басқасы ішастар артында (экстра-ретро 
перитонеальды) орналасқан, ал ащы ішектің басқа бөліктері ішастармен барлық жағынан 
жабылған (интраперитонеальды). 
Он екі елі ішектің қабырғасы үш қабаттан құралған: шырышты, бұлшықеттік және сірлі. 
Шырышты қабық (tunica mucosa) – бұлшықеттік табақшамен борпылдақ майлы тінде 
орналасқан. Жоғарғы бөлімінде бойлық (plica longitudinalis duodeni), төменінде тұрақты 
дөңгелек қатпарлар (plica circularis) түзеді. Он екі елі ішектің төменгі жартысындағы 
бойлық қатпар ішектің үлкен бүртігімен (papilla duodeni major) аяқталады, ал жоғарырақ 
ұйқы безінің қосымша жолдары ашылатын ішектің кіші бүртігі (papilla duodeni minor) 
орналасқан. Шырышты қабықта жапырақ тәрізді сансыз көп ішек бүрлері (villi intes 
tinales) бар, олардың ортасында лимфа капиллярлары орналасқан, ал бүрлерге енетін 
қантамырлар тамырлы тор түзеді. 
Бүрлер түбі ішіне ішек бездерінің түтіктері ашылатын шағын ұңғылдармен (крипта) 
қоршалған. Шырышты қабықтың ішінде жекеленген лимфа тәрізді түйіндер бар. 
Бұлшықетті қабық (tunica muscularis) – он екі елі ішектің бұлшықетті қабығы екі қабаттан 
тұрады:
сыртқы – бойлық, ішкі – дөңгелек. 
Сірлі қабық (tunica serosa) – ішастар он екі елі ішектің бастапқы бөлігін және, кеңейген 
жерін ғана жабады.
Қанмен қамтасыздануы: жоғарғы және төменгі ұйқы без - он екі елі ішек артериялары. 
Веналық ағым: аттас веналар арқылы 
Лимфа ағымы: бел, жоғарғы шажырқайлық, ұйқы без - он екі елі ішек және құрсақ лимфа 
түйіндеріне. 
Нервтенуі: кезбе нервтердің (Х-жұп) тармақтары. 
АШ (JEJUNUM) ЖӘНЕ МЫҚЫН (ILІUM) ІШЕКТЕР 
Аш ішек (intestinum) - он екі елі ішектің жалғасы, оның ілмектері іш қуысының жоғарғы 
сол бөлігінде орналасқан. Аш ішектің ілмектері алдынан үлкен шарбымен жабылса, 
артында ішастардың париетальді жапырақшасына тақау жатыр. 
Мықын ішек (intestinum ileum) – аш ішектің жалғасы, оның ілмектері іш қуысының оң 
төменгі бөлігінде орналасқан. Кіші жамбас қуысында ащы ішектің ең соңғы ілмектері 
жатыр, олар екі қабат түзеді. Алдынан несеп қуықпен іргелес жатса, ал артында – тік 
ішекке (еркектерде), жатырға (әйелдерде) тақау орналасқан. Ащы ішектің осы екі бөлігі 


182 
ішастармен барлық жағынан жабылып, интраперитонеальды орналасқан. Ащы ішектің 
шажырқайлық бөлігінің екі жиегін ажыратады: бос және шажырқаймен байланысқан 
жиегі-шажырқайлық. 
Шырышты қабық (tunica mucosa) – бұлшықетті табақшамен шырышасты негізінен тұрады. 
Шажырқайлық бөліктің шырышты қабығының түзілістері он екі елі ішектегіден еш 
айырмашылығы жоқ. Басты ерекшеліктері дөңгелек қатпарлардың санында, олар 
шажырқайлық бөлікте көптеу. Аш және мықын ішектердің шажырқайға қарама-қарсы 
жиегінде, ұзындығы 10 см, ені 3 см болатын, шоғырланған лимфа түйіншелері (nodulаe 
lymphatici) орналасқан. 
Ащы ішек соқыр ішекпен, дөңес жағымен соқыр ішекке қараған мықын-соқыр ішек 
қақпағымен (valva ileocecalis) жабылған, мықын-соқыр ішек тесігі (ostium ileocaecalis) 
арқылы қатысады. 
Қақпақ, жоғарысынан және төменінен соқыр ішекке енген шырышты қабық 
қатпарларынан түзілген. Алдынан және артынан қақпақтар бір-бірімен үйлесіп мықын-
соқыр ішек қақпағының жүгеншігін түзеді. 
Бұлшықетті қабық (tunica muscularis ) – екі қабаттан тұрады: сыртқы бойлық (stratum 
longituginale) және ішкі дөңгелек (stratum cirсulare). 
Сірлі қабық (tunica seposa) ащы ішектің шажырқайлық бөлігі ішастармен толығымен 
жабылған. 
Қанмен қамтамасыздануы: ащы ішектік артериялар. 
Веналық ағым: аттас веналар арқылы қақпа венасына 
Лимфа ағымы: мықын-жиектік және шажырқайлық лимфа түйіндеріне. 
Нервтенуі: кезбе нервтің (Х-жұп) тармақтары 
ТОҚ (ЖУАН) ІШЕК. ҚҰРЫЛЫСЫ 
Тоқ ішек (intestinum crаssum) – ащы ішектің жалғасы; асқорыту жолының соңғы бөлігі. Ол 
мықын-соқыр ішек қақпағынан басталып артқы өтіс тесігімен аяқталады. Бұнда су 
қалдықтары сіңіріліп, тік ішек арқылы шығарылатын нәжістік қоспа қалыптасады. Орташа 
ұзындығы 1,5 м. 
Тоқ ішектің үш бөлігін айырады: құрттәрізді өсіндісімен соқыр ішек, жиек ішек және тік 
ішек. 
Жиек ішек төрт бөліктен тұрады: жоғарылаған, көлденең, төмендеген және сигма тәрізді. 
Тоқ ішек іш және жамбас қуыстарында орналасқан. Тоқ ішектің ащы ішектен бірқатар 
маңызды ерекшеліктері бар: 
1.
Диаметрі үлкенірек 


183 
2.
Таспалар болуы (taeniae coli) – жиек ішек таспалары; а) шажырқайлық таспа (taenia 
mesocolica) – шажырқай бекитін орынға сәйкес келеді, б) бос таспа (taenia libera), 
ішектің алдыңғы бетінде орналасқан, в) шарбылық таспа (taenia omentalis) – өн 
бойына майлы өсінділер бекіген. 
Барлық таспалар соқыр ішектің құрттәрізді өсіндісінің түбінде түйісіп оны бұлшықетті 
қабатпен қоршайды. 
3.
Тоқ ішектің бетінде, шарбылық және бос таспалардың өн бойында ішінде майлы 
тіні бар шарбылық өсінділер (appendices epiploicae)орналасқан.
Төмендеген жиек ішекте олар бірқатар, ал басқа бөліктерінде екі қатар орналасады, кейде 
көршілес жатқан майлы өсінділер бір-бірімен қосылып қатпарларға айналады. 
СОҚЫР ІШЕК 
Соқыр ішек (caecum) – бірден мықын-соқыр ішек қақпағынан басталатын, қапшықша 
кеңейген тоқ ішектің бір бөлігі. Оң мықын шұңқырында орналасқан, оның ұзындығы 8 см-
ге дейін, ал ең жоғарғы диаметрі 7 см шамасында. 
Төменгі қабырғасымен мықын және белдің үлкен бұлшықетінде жатса, алдыңғы 
қабырғасы іштің алдыңғы қабырғасымен іргелес. Тоқ ішектің бір бөлігі ішастармен 
барлық жағынан қамтылған. (интраперитонеальды), екінші бөлігінің артқы бетінде 
ішастар болмауынан, үш жағынан жабылған (мезоперитонеальды), сирек жағдайларда тоқ 
ішекте шажырқай болуы мүмкін. Соқыр ішектің таспалар түйіскен орнынан құрттәрізді 
өсінді (appendix vermiformis) шығады. Аппендикс - соқыр ішек қабырғасының өсіндісі. 
Оның көлемі тұрақсыз: ұзындығы 3-тен 20 см-ге дейін, диаметрі – 1 см-ге дейін. 
Аппендикстің ішастарға қатынасы – интраперитонеальды, шажырқайы бар. Аппендикс оң 
мықын шұңқырында орналасқан, кейде кіші жамбасқа түседі, ішастар артындада 
орналасуы мүмкін. Іс-тәжірибеде құрттәрізді өсіндінің іштің алдыңғы қабырғасындағы 
жобасын білу өте маңызды. Оның түбі кіндікпен мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы 
қылқанымен қосатын сызықтың сыртқы және ортаңғы үштен бір бөлігінің шекарасында 
орналасқан немесе Мак-Бурней нүктесі. Бірақ аппендикстің осылай орналасуы өте сирек 
кездеседі, жиірек ол оң және сол мықын қылқанын қосатын сызықтың сыртқы және 
ортаңғы үштен бір бөлігінің шекарасындағы Ланц нүктесінде жобаланады. 
Соқыр ішек (caecum) – мықын ішектің жалғасы. Олар мықын-соқыр ішек қақпағымен 
(valva ileocaecalis) бөлінген. Қақпақ жапқышы мықын-соқыр ішек қақпағының 
жүгеншігін (frenulum valvae ileocaecalis) түзеді. Құйма тәрізді қақпақтардың тар бөлігі 
соқыр ішекке бағытталып астың ащы ішектен тоқ ішекке өтуіне жағдай жасайды. Тоқ 
ішектегі қысым көтерілгенде (газ алмасудың жоғарылауы, аса көп мөлшерде 


184 
тамақтанғанда) қақпақ жапқыштары нық жабылады, астың кері жүруі байқалмайды. 
Қақпақтан төмен құрттәрізді өсіндінің тесігі (ostium appendix vermiformis)орналасқан. 
ЖИЕК ІШЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
Жиек ішек, іш қуысының ортаңғы қабатында жатқан ащы ішек ілмектерін айнала 
орналасқан, жоғарылаған жиек ішек оң жағында, төмендеген сол, көлденең жоғарысында, 
сигматәрізді сол және төменінде. 
ЖОҒАРЫЛАҒАН ЖИЕК ІШЕК (colon ascendens)- соқыр ішектің жалғасы. Ол әуелі белдің 
шаршы бұлшықетінің, сосын оң бүйректің алдымен вертикальды жоғары көтеріліп, 
бауырдың оң үлесінің төменгі бетіне дейін жетеді. Осы тұста ол солға иіліп, жиек ішектің 
оң иілімін (flexura coli dextra) түзіп көлденең жиек ішекке өтеді. Тоқ ішектің бұл бөлігінің 
ұзындығы 20 см шамасында. Бос таспа ішектің алдыңғы шарбылық-артқы-бүйір, 
шажырқайлық –артқы медиалды беттерінде орналасқан. 
КӨЛДЕНЕҢ ЖИЕК ІШЕК (colon transversum) – жиек ішектің оң иілімінен басталып, сол 
қабырға астында оң иілімнен жоғарылау орналасқан сол иіліммен (flexura coli sinistra) 
аяқталады. Тоқ ішектің ең ұзын бөлігі болып саналады, ұзындығы 50 см шамасында. Жиек 
ішек төмен салбыраған доға тәрізді жатыр. Көлденең жиек ішек интраперитонеальды 
орналасқан және париетальды ішастардан басталатын меншікті шажырқайы бар.
Шарбылық таспаның өн бойына, асқазаннан басталатын асқазан-жиек байламы бекиді. 
Көлденең жиек ішектің топографиясы: оң және үстінде – бауыр, асқазан және көкбауыр, 
артында - он екі елі ішекпен көкбауыр, астында – ащы ішек ілмектері орналасқан. 
Жиек ішектің сол иілімі төмендеген жиек ішекке (colon descendens) өтетін жер, ол төмен 
түсіп мықын қыры тұсында сигматәрізді ішекке жалғасады. Төмендеген жиек ішектің 
артқы беті ішастармен жабылмаған, сол бүйректің алдында , белдің сол шаршы және сол 
мықын бұлшықеттерінің үстінде жатыр. Ішектің орташа ұзындығы 17 см, төмендеген 
жиек ішек мезоперитонеальды орналасқан. Тоқ ішектің осы бөлігінен бастап жиек ішекте 
қампаймалар (haustra coli) саны мен тереңдігі азаяды. 
СИГМА ТӘРІЗДІ ЖИЕК ІШЕК (colon sigmoideum), сол мықын шұңқырында жатыр, 
жалғасы тік ішек. Сигма тәрізді ішек екі ілмек түзеді: проксимальді ілмек мықын 
бұлшықетінде, ал дистальді белдің үлкен бұлшықетінде орналасқан. Сигма тәрізді ішек 
іштің артқы қабырғасына бекитін шажырқайының арқасында қозғалмалы және 
интраперитонеальді орналасқан. Ұзындығы тұрақсыз. 


185 
ЖИЕК ІШЕКПЕН СОҚЫР ІШЕКТІҢ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
Шырышты қабық (tunica mucosa) жиек ішекпен соқыр ішектің шырышты қабығы, негізгі 
жарғақта жатқан эпителиден, бұлшықеттік табақшасынан және шырышасты негізінен 
құралған. Оның эпителиі цилиндр тәрізді жане, көп мөлшерлі бокал тәрізді жасушалармен 
ішек бездерінен тұрады. Шырышты қабықтың ұзына бойында жекеленген лимфа 
түйіншелері жатыр, ал құрттәрізді өсіндіде көптеп шоғырланған лимфа түйіншелері 
орналасқан. 
Шырышты қабық бұлшықеттік таспалар арасында жартыай тәрізді қатпарлар (plicae 
semilunares) түзеді. Мықын ішекпен тоқ ішек шекарасында, негізінен бұлшықетті қабаттан 
түзілген шырышты қабықтың тұрақты екі қатпары бар, олар мықын-соқыр ішек қақпағын 
құрайды. 
Бұлшықетті қабық (tunica muscularis) – ұзына бойы екі қабаттан тұрады: ішкі дөңгелек, 
сыртқы бойлық. Бойлық қабат таспалар түзеді. Құрттәрізді өсінді тұтас бұлшықетпен 
жабылған. Тоқ ішектің келесі бөліктері ішастармен барлық жағынан жабылған: соқыр 
ішек, көлденең және сигматәрізді жиек ішектер, ал жоғарылаған және төмендеген жиек 
ішектердің артқы қабырғасында ені 3 см шамасында ішастармен жабылмаған аймақ бар. 
Сирек жағдайларда ішектің бұл бөліктері ішастармен барлық жағынан жабылуы, тіпті 
өзінің меншікті шажырқайы болуы мүмкін. 
Қанмен қамтамасыздануы: жоғарғы шажырқайлық артерия тармақтары. 
Веналық ағым: жоғарғы және төменгі шажырқайлық веналарға 
Лимфа ағымы: шажырқай-жиек ішек, мықын-жиек ішек, аппендикстік, алдыңғы және 
артқы соқыр ішектік лимфа түйіндері арқылы. 
Нервтенуі: кезбе нерв (Х-жұп) тармақтары, жоғарғы және төменгі шажырқайлық өрімдер.
ТІК ІШЕК 
Тік ішек (rectum) – жамбас түбі бұлшықеттерімен, сегізкөз және құйымшақпен құрылған, 
кіші жамбас қүысының артқы қабырғасында орналасқан, тоқ ішектің соңғы бөлігі. Тік 
ішекте нәжіс қоспасы жиналып сыртқа шығарылады, сонымен қатар су сіңіріледі. Тік 
ішектің ұзындығы 16 см-ді құрайды, диаметрі 4-5 см.шамасында. ерекетерде тік ішектің 
алдында қуықасты без (простата), шәует қуықшасы, несеп қуық орналасқан, ал әйелдерде 
жатыр мен қынап.
Тік ішектің екі иілімі бар: шат (flexura perinеalis) және сегізкөздік (flexura sacralis).Тік 
ішектің екі бөлігін айырады: жамбас көкеті үстіндегі жамбастық және артқы өтіспен (anus) 
ашылатын артқы өтіс өзегі (canalis analis) түрінде шат аймағында орналасқан – шат бөлімі. 


186 
Жамбастық бөлімде, тар, ампула үсті бөлігін және тік ішек кең жері (ampula recti) бөлігін 
ажыратады. 
Жамбастық бөлімнің ұзындығы 14 см-ге дейін, шат бөлімінікі 4 см шамасында. 
Шырышты қабық (tunica mucosa) – шырышты және бокал тәрізді бездерге бай, бойлық 
және көлденең қатпарлар түзеді. Шырышты қабығы бүрлерден айырылған, жекеленген 
лимфа түйіншелері бар. Тік ішектің айналасының жартысын ғана қамтитын жиірек 
кездесетін үш көлденең қатпарлар бар, қалғаны тұрақсыз қатпарлар. Бойлық қатпарлар 10-
ға жетеді, олар артқы өтіс бағаналары (columnae anales) деп аталады да, жоғарыдан төмен 
қарай кеңейеді. Бойлық қатпарлардың жоғарғы шекарасы тік ішек-артқы өтіс сызығы 
(linea anorectalis). Бойлық қатпарлардың шеттерінен төмендеу, шығыңқы бөліктері артқы 
өтіс бағаналары арасындағы ұңғылдарды төменінен тұйықтап артқы өтіс қойнауын (sinus 
anales) түзетін аралық аймақ орналасқан. Қойнауларды астынан тұйықтайтын көлденең 
қатпарларды (plicae transversae recti) артқы өтіс жапқыштары (valvulae anales) деп атайды, 
ал олардың жиынтығы артқы өтіс қырын (pectin analis) түзеді. Артқы өтіс бағаналарының 
шырышасты аймағының майлы негізінде тік ішектің веналық өрімі (plexus venosus rectalis) 
жатыр. Шырышты қабық бағаналар аймағында жалпақ, ал қойнауларда көпқабатты 
эпителиймен қапталған. 
Бұлшықетті қабық (tunica muscularis) – өн бойы екі қабаттан тұрады. Сыртқы бойлық, ішкі 
дөңгелек, қабат жақсы жетілген. Бойлық бұлшықет талшықтары тоқ ішектің 
таспаларының жалғасы төмен қарай кеңейіп тік ішекті толығымен қамтиды: артқы және 
алдыңғы қабырғаларында жақсырақ жетілген. Бойлық бұлшықеттердің бір бөлігі артқы 
өтісті көтеретін бұлшықет (m.levator ani) құрамына кіреді. Бойлық бұлшықеттердің 
алдыңғы будасы, еркектерде тік ішек-несеп шығаратын өзек бұлшықетін түзіп, несеп 
шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің өтетін жеріне бекиді. 
Бұл бұлшықеттен басқа ересектерде тік ішекті несеп қуықпен байланыстыратын тік ішек-
қуық бұлшықеті бар. Бұлшықетті қабықтың дөңгелек қабаты артқы өтісте қалыңдап артқы 
өтістің ішкі қысқышын (m.sphincter ani interni) түзеді. Бұл бұлшықеттің бір бөлігі
қынаптың бұлшықетімен несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің құрамына кіреді. 
Артқы өтіс айналасының тері астындағы май қабатында артқы өтістің сыртқы қысқышы 
(m.sphincter ani externi)орналасқан. Артқы өтістің сыртқы және ішкі қысқыштарының 
арасымен артқы өтісті көтеретін бұлшықет өтеді. Осы бұлшықеттің алдыңғы бөлігі қасаға-
құйымшақ бұлшық еті деп аталады. Сыртқы сірлі қабық (tunica seposа) – ішастар атымен, 
тік ішектің жоғарғы бөлігін барлық жағынан, ортаңғы бөлігін үш жағынан жапса, төменгі 
бөлігі тіпті жабылмаған. 


187 
БАУЫР 
Бауыр (hepar) – асқорыту жолының ең ірі безі, басым бөлігі көкет астында, іш қуысының 
жоғарғы оң бөлігінде орналасқан. Тармақталған күрделі түтікті бездерге жатады. Бауыр, 
зат алмасу және қан жасау үрдістеріне қатынасады. Бауырдың пішіні біркелкі емес, 
жоғарысы дөңес, ал төмені ойыс болып келеді. Ішастармен барлық жағынан қамтылған. 
(кішкене бөліктерін қоспағанда: байламдар бекитін орындармен өтқуықтың жатқан жері). 
Бауырдың екі бетін айырады: жоғарғы – көкеттік (facies diaphragmaticа), төменгі – 
висцеральдық (facies visceralis).
Көкеттік бет, пішінімен көкеттің күмбезіне сәйкес келеді. көкеттен және іш қуысының 
алдыңғы қабырғасынан осы бетке орақ тәрізді байлам (lg.falciformis) барады. Ол бауыр 
бетін оң және сол үлестерге (lobus hepatis dexter et lobus hepatis sinister) бөліп артынан 
ішастардың туындысы тәжді байламға (lg. coronarium) ұласады, ал тәжді байламдардың оң 
және сол шеттері оң және сол үшбұрышты байламдармен (lg.triangularis) аяқталады. 
Бауырдың үстіңгі бетінде бауырға көкет арқылы жүректен түскен із бар, ол жүректік 
батыңқы (impression cardiaca). 
Висцеральді бетте, бауырды төрт бөлікке бөлетін үш жүлге өтеді. Оң және сол 
сагиттальды жүлгелер арасындағы ортаңғы бөлік көлденең жүлгемен екі бөлікке бөлінеді: 
алдыңғысы – шаршы үлес, (lobus guadratus), артқысы – құйрықты үлес (lobus caudatus). 
Сол сагиттальді жүлге, орақ тәрізді байламның тұсында орналасып, бауырды оң және сол 
үлестерге бөледі. Бауырдың өн бойында екі саңылау бар: алдында – жұмыр байлам 
саңылауы (fissura ligament teretis), артында – веналық байлам саңылауы (fissura ligamenti 
venosi). 
Жұмыр байлам – бітелген қалған кіндік венасы, ал веналық байлам, бітеліп қалған 
веналық түтік. Оң сагиттальді жүлге солға қарағанда кеңдеу. Оның алдыңғы бөлігі – 
өтқуық шұңқырын (онда өтқуық жатыр), ал артқы бөлігі аттас вена өтетін, төменгі қуыс 
вена жүлгесін түзеді. 
Оң және сол сагиттальді жүлгелер бір-бірімен терең көлденең жүлге, бауыр қақпасы (porta 
hepatis) арқылы байланысады. 
Бауыр қақпасы арқылы кіреді: қақпа венасы, нервтер, бауыр артериясы. Шығады: жалпы 
бауыр түтігі, лимфа тамырлары. Бауырдың висцеральді бетінде төрт негізгі батыңқыларды 
ажыратады: бүйректік (impressio renalis), бүйрек үстілік (impressio suprarenalis), жиек 
ішектік (impressio colica), он екі елі ішектік (impressio duodenalis). 
Шаршы үлесте он екі елі ішектік батыңқы (impressio duodenalis) бар. 
Құйрықты үлес – алдыңғы бетінде шағым көтеріңкі – бүртіктік өсінді (processus papillaris) 
бар, ал оң жағында құйрықты өсінді (processus caudatus) орналасқан.


188 
Бауырдың сол үлесі, висцеральді бетінде кіші шарбыға қараған, кішкентай дөңес – 
шарбылық төмпе бар. Артқы жиегінде, өңештік және асқазандық батыңқылар орналасқан. 
Бауыр паренхимасы тікелей фиброзды қабықпен (tunica fibrosa) қапталған, үсті сірліасты 
негізі бар сірлі қабықпен (tunica seposa) жабылған. Бауыр ұлпасын дәнекер тінді негіз
түзеді. Оның ұяшықтарында бауырдың қызметтік-құрылымдық бірлігін түзетін бауыр 
үлесшелері (lobulus hepatis)
орналасқан. 
Бауыр үлесшелері, гепатоциттерден құралған. Үлесше ортасынан орталық вена өтеді, ал 
шеткі аймақтары арқылы үлесшеаралық артериялар мен веналар жүреді, ал олардан 
қойнау тәрізді тамырларға жалғасатын үлесшеаралық капиллярлар шығады.
Қойнау тәрізді (синусоидты) веналар орталық венаға, олар өз ретінде бір-бірімен бірігіп 
бауыр венасын түзетін жинақтаушы венаға құяды. 
Гепатоциттер арасымен өт өзекшелері (ductulis biliferi) өтеді, олар бір-бірімен қосылып 
үлесшеаралық өт түтікшелерін түзетін өт түтікшесіне құяды. Бауыр ұлпасында 
қантамырлардың орналасуына сәйкес ағзада айырады: екі үлес, бес сектор және сегіз 
сегмент. Сонымен бірге сол үлесте үш сектор және төрт сегмент, оң үлесте екі сектор 
мұнда да төрт сегмент. 
Сектор – бауыр венасы мен бауыр артериясының екінші реттік тармақтары мен нервтер 
кіретін және секторлық өт түтікшелері шығатын бауырдың бір бөлігі. 
Қанмен қамтамасыздануы: бауыр артериясымен. 
Веналық ағым: қақпа венасына. 
Лимфа ағымы:бауырлық, оң белдік, төменгі көкеттік, төс жанындағы лимфа түйіндеріне. 
Нервтенуі: бауыр өрімі, кезбе нерв (Х-жұп) тармақтары. 
Ұйқыбез 
Ұйқыбез (pancreas), омыртқалылар эволюциясында біршама кеш дамыған ағза. 
Төменгі сатылаларда (балықтар, амфибиялар) ол шағын ұрық түрінде байқалады, ал 
ересектерде без сопақша пішінді, ұзындығы 16-20 см, ені 4 см және қалыңдығы 2-3 см 
шамасындағы дене, салмағы 70-80 г жетеді. Ұйқыбез ішастар артында 2-ші кейде 3-ші 
бел омыртқасы денесінің тұсында көлденең орналасқан. Безде ажыратады: 12-елі ішек 
тағасына жанасып жатқан басын (caput pancreatis), алдыңғы, төменгі және артқы беттерін 
бөліп тұрған үш қырлы денесін (corpus pancreatis) және көкбауырға тиісіп жатқан 
тарылған бөлігі ұйқыбез құйрығын (cauda pancreatis). Бездің қапшығы өте жұқа. Ұйқыбез 
күрделі альвеолалық без. Оның үлесшелерінің (қарапайым көзге көрінетін) шығаратын 


189 
түтіктері ұйқыбез түтігіне (ductus pancreaticus) тікелей ашылады. Түтік бездің ортасының 
өн бойына орналасқан және жалпы өт түтігімен бірігіп 12-елі ішектің үлкен бүртігіне 
ашылады. Панкреатикалық сөлмен өттің іш қуысына түсуін реттейтін екі түтіктің де 
шығатын тесіктері бұлшықеттік қысқышпен жабдықталған. Кейде ұйқыбезде бас түтіктен 
бөлініп шығатын қосалқы түтік кездеседі, ол 12 елі ішектің кіші бүртігіне ашылады. 
Ұйқыбез асқорыту және зат алмасу үрдісінде маңызды роль атқарады.
Ұйқыбездің эндокринді бөлігі 
Жоғарыда айтылғандай, ұйқыбезде секреттік құрылымдардан бөлек ішкі секреттік 
сипаттамадағы жасушалық топтар орналасқан. Бұл топтар – аралшықтар (insulae), без 
паренхимасының өне бойына жайылған, шағын мөлшерлі жасушалардан (кейде үлкен 
көлемге жететін – 175 мкм) құралған. Бірақ жасушалар саны бездің құйрығында 
басымырақ. Аралшықтар көмірсу алмасуын реттеуге қатысатын инсулин гормонын 
өндіреді. Бездің бұл қызметі нерв жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Бұны 
аралшықтың мол нервтенуінен байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет