Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет126/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Тимустың эмброгенезі 
Тимустың эмбриогенезі барлық омыртқалармен сүтқоректілер үшін бірдей. 
Жорғалаушылардың айырша безі өзінің дамуын алғашқы үш желбезек қалталарынан 
бастайды, кейбір кезде төртіншіден түзілуі мүмкін. Ал сүтқоректілердің айырша безінің 
дамуы үшінші немесе төртінші желбезек қалталарының эпителийлік өсіндісі түрінде 
басталады. Алғашқыда эпителийлік өсінді каудальды бағытта өсіп жүрекке жетеді, сосын 
біртіндеп қалы4дап оның проксимальді бөлігінен ductus thymicopharyngeus түзіледі, ол 
бездің түтігі. Кейінен түтік жоғалады да, оның каудальды бөлігінен бездік құрылымдар 
пайда болып одан айырша без дамиды. Көп жағдайларда эпителийлі өсіндінің 
проксимальды бөліктері кері өседі, егер де өсіндіні4 дамуы жалғасын тапса онда қосалқы 
айырша без пайда болады. Әрі қарай тимустың даму үрдісінде ол сегменттерге бөлініп


237 
олардың арасында дәнекерұлпалық элементтер мен қантамырлар пайда болады. 
Адамдарда тимустың дамуы ұрық дамуының 2 ай мерзімінде үшінші және төртінші 
желбезек қалталарынан пайда болады. 
Ал 4-ші желбезек қалтасынан пайда болатын эпителийлік элементтер кері дамып 
жоқ болып кетуі мүмкін, не болмаса осы аймақтағы без түзілістерінің алғашқы дамуына 
себепші болады (қалқаншажанылық бездер). Ұзындығы 8 мм ұрықтың айырша безі өсінді 
тәрізді болады, ол ұзындығы 11 мм ұрықтада әлі желбезек қалтасымен байланысын 
үзбейді. 
Ұрықтың 7-8-жетілік даму мерзімінде айырша без перенхимасына мезенхималық 
элементтер, қан тамырлар ене бастайды және алғашқы лимфоциттер пайда болады. Ал 
ұрық дамуының 3 айлық мерзімінде қыртыстық және милық қабаттар мен Гассаль 
денешіктері бар үлестер қалыптасып бітеді. Осымен айырша бездің толық және түбегейлі 
қалыптасуы аяқталады, әрі қарай дамуы тек оның салмағы мен көлемін үлкейтуге әкеледі. 
 
 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет