жұп нертің ядросын айналып өтіп, беттік төбешікті, colliculus facialis, түзеді. VIII жұп, кіреберіс – ұлу нервінің, n. vestibulo-cochlearis, 6 ядросы бар : 2 ұлулық, 4
кіреберістік - барлығы 6 сезімтал ядросы бар. Олар ромбтәрізді шұңқырдың кіреберістік
алаңында орналасқан.
Алдыңғы ұлулық ядро, nucleus cochlearis anterior, мен артқы
ұлулық ядрода , nucleus cochlearis posterior, ішкі құлақтың ұлуынан шығатын есту сезімталдығы қабылданады.
Кіреберістік ядролар : кіреберістік медиалды ядро, nucleus vestibularis medialis; кіреберістік латералды ядро, nucleus vestibularis lateralis; кіреберістік жоғарғы ядро, nucleus vestibularis superior; кіреберістік төменгі ядро, nucleus vestibularis interior, ішкі
құлақтың жартылай дөңгелекті түтіктері ампулалаларының қыршалары және жатырша
(эллипстік қапша, utriculus ) мен дөңгелек қапшаның (sacculus) дақтары арқылы келетін
дене қапының өзгеруі туралы ақпаратты ( нервтік импульсті) қабылдайды .
IX жұп, тілжұтқыншақ нервінің, n. glossapharyngeus , сезімтал, парасимпатикалық
және қозғалтқыш үш ядросы бар. 1. Сезімталы -
жеке ядро , nucleus solitarius, VII, IX, X
жұп нервтерге ортақ болады. 2. Парасимпатикалық ядросы -
төменгі сілекей бөлетін ядро,
271
nucleus solivatorius inferior,- деп аталады. 3. Қозғалтқышы –
қос ядро , nucleus ambiguus, IX және X жұп нервтерге ортақ болып келеді .
X жұп, кезбе нервінің, nervus vagus , үш: сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш
ядролары бар .
1. Сезімтал ядросы :
жеке ядро, nucleus solitarius, бұл ядро
VII, IX және X жұп
нервтерге ортақ болады .
2. Парасимпатикалық ядросы :
кезбе нервтің артқы ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi,- trigonum nervi vagi, аймағында жатады.
3. Қозғалтқышы –
қос ядро , nucleus ambiguus, IX және X жұп нервтерге ортақ болып
келеді.