Бас сүйек нервтерінің анатомиясы
Бассүйек нервтерінің анатомиясы және қызметі тікелей мимен байланысты. Рим
сандарымен белгіленген 12 жұп бассүйек нервтері:
289
І – жұп –иіс сезу нервтері, nn. olfactorii
ІІ – жұп –көру нерві, n.opticus
ІІІ – жұп –көз қозғалтқыш нерв, n.oculomotorius
ІV – жұп– шығыршық нерві, n.trochlearis
V – жұп –үшкіл нерв, n.trigeminus
VІ– жұп–әкететін нерв, n.abducens
VІІ– жұп–бет нерві, n.facialis
VІІІ– жұп–кіреберіс – ұлу нерві, n.vestubulicochlearis
ІХ– жұп–тіл -жұтқыншақ нерві, n.glossopharyngeus
Х– жұп–кезбе нерв, n.vagus
ХІ– жұп–қосымша нерв, n.accessorius
ХІІ– жұп–тіл асты нерві, n.hypoglossus
І және ІІ жұп бассүйек нервтері алдыңғы миден мен, ал ІІІ – ХІІ жұптар – ми сабауының
әртүрлі бөліктерінен дамыған. Сонымен бірге ІІІ, ІV – жұп нервтері ортаңғы мимен, V –
VІІІ жұптар көпірмен және ІХ – ХІІ- жұптар сопақша мимен байланысты. Нерв
талшықтарының құрамы бойынша бассүйек нервтері үш топқа бөлінеді:
1)
Сезімтал нервтер – І,ІІ және VІІІ – жұптар
2)
Қозғалтқыш нервтер – ІV, VІ, ХІ,ХІІ – жұптар
3)
Аралас нервтер – ІІІ, V, VІІ, ІХ және Х - жұптар
Сезімтал нервтер, І жұп үшін мұрын қуысының шырышты қабығында, ІІ – жұп
үшін көздің торлы қабығында және VІІІ- жұп үшін сезімтал түйіндерде орналасқан
жасушалардың орталыққа тебетін сезімтал талшықтарымен түзілген.
Қозғалтқыш нервтер – ІV, VІ, ХІ,ХІІ – жұптардың қозғалтқыш ядроларының
жасушаларының аксондарынан түзілген.
Аралас нервтердің құрамы әртүрлі болады. V, VІІ, ІХ және Х- жұптардың сезімтал
құрауышы, сезімтал түйіндердегі псевдоуниполярлық жасушалардың орталық
өсінділерінің жиынтығы болып саналады.
ІІІ, ІV, V, VІ, VІІ, ІХ және Х- жұптардың қозғалтқыш құрауышы осы нервтердің
қозғалтқыш ядролары жасушаларының аксондар жиынтығы болады. Аралас нервтерде
парасимпатикалық құрауыш, ІІІ, VІІ, ІХ, Х- жұптардың құрамында бар. Ол сәйкес
нервтердің ядроларынан басталып вегетативті түйіндерге жететін түйін алды
(преганглионарлық) парасимпатикалық талшықтардан немесе көрсетілген түйіндер
жасушаларының аксондарынан түзілген.
290
Достарыңызбен бөлісу: |