312
Төменгі бөксе нерві
(n.gluteus inferior) (L
5
-S
2
) кіші
жамбас астауынан алмұртасты
кеңістік арқылы шығып, үлкен бөксе бұлшықеті мен ұршық буынының капсуласын
нервтендіреді.
Жыныс нерві
(n.pudendus) (S
1
-S
4
) кіші жамбас астауынан алмұртүстілік кеңістік арқылы
шығып, шонданай қырқасын айналып өтіп, foramen ischiadicum minus арқылы өтіп, шонданай-
тік
ішектік шұңқырға барып, шонданай төмпесі тұсында келесі нервтерге бөлінеді: шат
нервтері (nn.perineales) - шонданай-үңгір, буылтық-кеуек және шаттың беткей көлденең
бұлшықеттерін нервтендіріп, шаттың сәйкес
жағының терісіне тармақ береді; жыныс
мүшесінің дорсалды нерві (n.dorsalis penis) – шаттың терең көлденең бұлшықетіне,
несеп
шығаратын өзектің сыртқы тесігінің қабырғасына, еркек жыныс мүшесінің (деліткінің) басы
мен денесінің терісіне тармақ береді; тік ішектің төменгі нервтері (nn.rectales inferiores) – тік
ішектің төменгі бөлігіне, артқы өтістің сыртқы қысқышына
және артқы өтіс айналасының
терісіне тармақ береді.
Достарыңызбен бөлісу: